Меню KDT

Новости

Главная Новости

№89 мектеп-лицейінде «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды педагог-ассистенттердің сүйемелдеуі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті

2024 жылдың 22 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық  жоспарына сәйкес №89 мектеп- лицейінде  ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде педагог-ассистенттердің рөлін анықтау мақсатында  қала мектептерінің педагог- ассистенттеріне арналған   «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды педагог-ассистенттердің сүйемелдеуі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында №89 мектеп- лицей педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы озық педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.

Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімі басшысы Касымканова Салтанат Есенгалиевна білім беру ұйымдарындағы педагог – ассистенттердің  негізгі жұмыс алгоритмі туралы ақпарат беріп өтті. «Болашақ»  КҚ-ның кураторы Воронецкая Полина Александровна оқу үрдісіндегі педагог-ассистенттің рөлі туралы баяндады. Директордың  бейіндік оқыту жөніндегі  орынбасары Сембаева А.Б. жалпы мектеп жағдайы, инклюзивті білім берудің ерекшелігімен таныстырып өтті.  Мектеп  психологі Аширбекова К.Д., педагог-ассистенттер Ракыжанова Г.К., Кенжеғара А.Б., Әшір Ә.Т.  АВА әдістемесінің тиімділігін түсіндіріп, инклюзияны қолдау кабинетіндегі жұмыстармен және оқушылардың дағдыларын дамыту мақсатындағы жеке бағдарламалармен жұмыс үлгісін көрсетті.  Педагог-ассистенттер Мырзалы Н.Ә., Баймурзина Г.А. жағымсыз-мінез құлықтарға және олардың функцияларына тоқталып,  түзету жолдарын практика жүзінде баяндап өтті. Рысмұханбетова З.Р.  ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталды.  Мырзалиева А.Н., Каренова М.Т. оқу мотивациясын арттыру және әлеуметтендіру мақсатындағы жұмыстарымен бөлісті. Педагог-психолог Кошенова Г.М. қолдауымен топтық жұмыста жағдаяттар ортаға салынып,  шешу жолдары ұсынылып, талданды. 

Семинарға 97 педагог-ассистенттер қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"