Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Адалдық алаңы" сатушысыз дүкені

"Саналы ұрпақ - жарқын болашақтың кепілі". Бүгінгі қоғамның басты талабы да осы "Сапалы білім мен саналы тәрбие" беру. Бізде өз кезегімізде осы мәселелерді ескере отырып, оқушылардың бойына академиялық адалдық қасиеттерін сіңіру, әдептілікке, әділеттілікке баулу мақсатында мектебіміздің І қабатында "Адалдық алаңы" сатушысыз дүкенін аштық. Яғни, кез - келген оқушы сатушысы болмайтын дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша сатып алып, ақшасын арнайы кассаға салады. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті тауарын сатып алған оқушы ешқандай қулыққа немесе қиянатқа жол бермеді және өзін - өзі адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелей алады деген сенімдеміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное