Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Әкем, анам және мен.. » отбасылық зияткерлік сайыстың екінші айналымы өтті

«Әкем, анам және мен.. »  отбасылық зияткерлік сайыстың екінші айналымы өтті.  Бұл сайысқа  5 к, 5в, 5н, 6 е сыныптарынан отбасылар өзара сыңға  түсті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде отбасы құрамы  таныстырылып, отбасы құндылығын насихаттау болса, екінші кезеңде математика, ағылшын пәндері  және рухани жаңғыру бағытындағы берілген сұрақтарға жанұя құрамымен бірігіп жауап беру басты назарда болды. Үшінші кезеңде отбасының өнері көрсетілді.  Осы сайыста әділ қазылар критериалды бағалау жүйесін қолданып,  ата-аналар өз-өздеріне де әділ бағаларын беріп,  бір-бірен қолдау көрсетті. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Досмағанбетова Гүлім Алтайқызы қатысқан отбасыларға ризашылығын білдіріп, тәрбие отбасынан басталатынын, сіз бен бірлесіп балаға жан-жақты тәрбие, білім, әдеп-ғұрыпты бойына сіңіріп, отбасымен бір шаңырақ астында бақытты күндерін өткізуді тіледі.  Жүзден жүйрік шыққан ата-аналарға алғысын білдірді. 

Сайыс қорытындысы төмендегідей:

  • 6 «Е» сыныбынан шыққан «Саурықовтар» отбасы «Бас жүлде» ;
  • 5 «К» сынбының намысын қорғаған «Ынтымақ» отбасы І орын;
  • 5 «В» сыныбының үздіктері атанған «Қалықұл» отбасы ІІ орын;
  • 5 «Н» сыныптың спортшылардан құралған «Батыровтар» отбасы ІІІ орын иеленді.

 «Саурықовтар» отбасы мен «Ынтымақ» отбасына келесі финалдық сайысқа жолдама берілді.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз!



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное