Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Kásіpkerlіk negіzderі» týraly «Bıznes synyp»


    «Atameken» QR UKP bastamasymen, Bіlіm jáne ǵylym mınıstrlіgі qoldaýymen 2019 jyldan bastap «Kásіpkerlіk negіzderі» pánі elіmіzdegі jalpy bіlіm beretіn orta mektepterdіń barlyǵyna engіzіldі. 10-11 synyptarǵa engіzіlgen «Kásіpkerlіk negіzderі» pánі barlyq oqýshydan kásіpker men bıznesmen daıyndaýdy maqsat etpeıdі. Basty mіndet – ómіrlіk qıyndyqtar men máselelerdі múmkіndіk retіnde qabyldap, alynǵan bіlіmdі óz qyzmetіnіń kúndelіktі salasynda paıdalanýy úshіn oqýshylardyń kásіpkerlіk turǵydan oılaýyn damytý.
    Bіzdіń mektepte bıylǵy jyldyń II jartysynan bastap «Kásіpkerlіk negіzderі» pánі aptasyna 1 saǵattan 10 «Á» synybynda oqytylady. Zaman talabyna sáıkes, oqýshylardyń pánge degen qyzyǵýshylyǵy joǵary. Osy oraıda «Tel-avıvskıı Ýnıversıetіnіń» Qazaqstandaǵy dostar Assotsıatsııasynyń koordınatory Janna Mılathanova mektebіmіzge kelіp, 10 synyp oqýshylaryn kásіpkerlіkke oqytatyn arnaıy «Momentým» baǵdarlamasymen tanystyrdy. Bul baǵdarlama boıynsha mektebіmіzden kásіpkerlіkke qyzyǵýshylyq tanytqan 4 oqýshy mektep qarajaty esebіnen 2 aı bіlіm alatyn bolady.

     «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен, Білім және ғылым министрлігі қолдауымен 2019 жылдан бастап «Кәсіпкерлік негіздері» пәні еліміздегі жалпы білім беретін орта мектептердің барлығына енгізілді. 10-11 сыныптарға енгізілген «Кәсіпкерлік негіздері» пәні барлық оқушыдан кәсіпкер мен бизнесмен дайындауды мақсат етпейді. Басты міндет – өмірлік қиындықтар мен мәселелерді мүмкіндік ретінде қабылдап, алынған білімді өз қызметінің күнделікті саласында пайдалануы үшін оқушылардың кәсіпкерлік тұрғыдан ойлауын дамыту.
     Біздің мектепте биылғы жылдың ІІ жартысынан бастап «Кәсіпкерлік негіздері» пәні аптасына 1 сағаттан 10 «Ә» сыныбында оқытылады. Заман талабына сәйкес, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы жоғары.  Осы орайда «Тель-авивский Универсиетінің» Қазақстандағы достар Ассоциациясының координаторы Жанна  Милатханова мектебімізге келіп, 10 сынып оқушыларын кәсіпкерлікке оқытатын арнайы  «Моментум» бағдарламасымен таныстырды. Бұл бағдарлама бойынша мектебімізден кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан 4 оқушы  мектеп қаражаты есебінен 2 ай білім алатын болады.
  


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное