Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуын атап өту мақсатында "Ауғандағы отты жылдар" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Ауған соғысының ақиқатын ашу, Кеңес әскері сапында ауған соғысына қатысқан ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Кеш қонақтары: Ауған соғысының ардагерлері: Аталов Нұрлан Беркалиевич, Тулеубеков Келс Султанович, Нұрмағанбетов Рысбек Рамазанович. Есіл аудандық Қорғаныс Істер басқармасының бастығы Жалбинов Рустам Жусупович, Есіл аудандық Қорғаныс Істер басқармасының маманы капитан Акбаров Қайырбек Төлегенұлы. Іс-шара барысында оқушылар ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп өз өнерлерін ортаға салды. Ардагерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, Ауған соғысы туралы мәліметтер алды, білімдерін кеңейтті. Соғыс ардагерлерімен сыр-сұxбат арқылы елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктері еселенді. Кеш соңында Қорғаныс Істер басқармасы және мектеп ұжымы ардагерлерді Алғыс xат, медальмен марапаттады.



