Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL әдісін қолдану» тақырыбында семинар өтті.

«Көптілділік» кластерін іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 7 ақпанында Астана қаласының № 48 мектеп-лицейінде «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL әдісін  қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинар Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілінде пәндерді оқудың негізгі мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін CLIL әдіснамасын практикалық қолдану тәжірибесін таратуға бағытталған. Мектеп директоры З.С.Садықова өз сөзінде осындай іс-шаралар тәжірибе алмасу және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін өте пайдалы және тиімді екенін атап өтті. Эксперименттік алаңда мұғалімдер биология, физика және география пәндері бойынша үздік сабақ үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, сабақтан тыс жұмыс пен коучингтің жеке блогы көрсетілді.















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное