Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Критериалды бағалау – сапалы білім негізі»

Мектеп пен ата-ана арасында ешқандай түсініспеушілік болдырмау және оқу мен оқытудағы бағалаудың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету мақсатында  «Критериалды бағалау – сапалы білім негізі» атты ата-аналарға арналған семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – оқыту мен оқу үрдісіндегі критериалды бағалау ерекшеліктерін, оның жүзеге асырылуын  түсіндіру. Семинар барысында критериалды бағалау бойынша нұсқаулықпен, жиынтық бағалау алгоритмі мен таныстырылым жұмыстары жүргізілді. Топ бойынша тәжірибелік талдау жұмысы өткізіліп, қатысушылармен кері байланыс орнатылды. Семинарды мектеп директоры Қалиев Серік Сабырбекұлы ашып, ата-аналарға жаңа білім мазмұны бойынша  білдірді. Бірінші бөлімінде директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Турсынбекова Ляйла Раушанбековна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2018-2019 оқу жылындағы жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тәртібі туралы ережесімен таныстырды. Мектеп тренері Бекбаева Айгуль Батырболатовна қалыптастырушы бағалау өткізу тәртібі, жиынтық бағалау тәртібі, балды бағаға ауыстыру шкаласы бойынша айтып өтті. Семинардың екінші бөлімінде модераторлар мен сынып жетекшілер ата-ана қауымымен тәжірибелік семинар жүргізді. Ата-аналар семинар барысында келесі оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына енетін 4-9 сынып оқушыларының ата-аналарына өзгерістер туралы ақпарат берілді.
  

                   Ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары:                                                                                     Мектеп тренері:

                     Турсынбекова Ляйла Раушанбековна                                                                       Бекбаева Айгуль Батырболатовна







    «Критериалды бағалау арқылы ата-ананы ақпараттандыру» атты коучингті мектеп тренері: Бекбаева А.Б мен көмекшілері: Тлекеева Ғ.Т және Сулейменова Д.Ж. бағдарламаның сары түсін таңдаған ата-аналармен, мектеп модераторы: Нурпеисова М.Е мен көмекшілері: Жумагулова Ж.Ж. және Сегизбаева Ж.Е.   бағдарламаның жасыл түсін таңдаған ата-аналармен жұмысты өз дәрежесіне лайық алып барды. Ата-аналар түсінбеген сұрақтарына жауап тауып коучинг жүргізген мұғалімдерге, жалпы семинарға өз ризашылықтарын білдірді.





Ата-аналар ББЖ, ТЖБ тапсырмалары мен рубрикалар бойынша жасалған жұмыстардың қорытындысымен танысты. Сонымен қатар, бағалау критерийі мен дескриптор арқылы топтық, жұптық, жеке жұмыспен оқушы шынайы бағаланатынына көз жеткізді. Өзін-өзі бағалауды осы ата-аналарға арналған «Критериалды бағалау – сапалы білім негізі» атты семинарда толыққанды түсінгендерін саралау мақсатында кері байланыс жасалып, өз ой-пікірлерін ашық талдап  айтты.







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное