Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Ер еңбегі -елеулі» тақырыбында әкелер форумы өтті

2019 жылдың 02 ақпанында Астана қаласы «№68 мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Білім нұры» критериалды бағалау кластерлік №8, 44,45,49,68 мектептері мен Назарбаев Зияткерлік мектебі, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Кузембаева Камила Асиповнаның бірлесе ұйымдастыруымен  қалалық «Ер еңбегі -елеулі» тақырыбында әкелер форумы өтті. Отбасылық игілікті істер мен кәсіби білім жетістіктерін бағалау арқылы жасөспірімдердің бойына, өз отбасына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.  Осы мақсатты негізге ала отырып Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері Қаламова Махаббат Ермекбаевна, аталған мектеп директорлары,  ЖОО-ның мамандары М.Құрсабаев - «Атамекен» ұйымының негізін қалаушы «Тұран» университетінің профессоры, Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы - Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, Дін жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, Жакупов Алтынбек Аманжолович - Қазақ Технология және Бизнес университетінің профессоры, PhD докторы, Аслан Есмуханұлы – ЕҰУ оқытушысы, Нұрдаулет Даулетбекович- Кәсіпкер орталығының қызметкері, №8,44,45,49,68 мектеп оқушыларының әкелері қатысты.

«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы» деген Елбасының ұстанымына сәйкес қала мектептерінің ұрпаққа үлгі болар  68 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Ж.Толқын, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Ештанаев, №45 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі М.Абушев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Талғат, №8 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Б.Бижанов, география пәнінің мұғалімі О.Шаханов, №44  орта мектебінің музыка  пәнінің мұғалімі А.Ордабаев,  жас сарбаз пәнінің мұғалімі Б.Терсебаев. №49 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Мықышаев, тарих пәнінің мұғалімі Ж.Жолдыбай ер мұғалімдерінің үлгілі сабақтары әкелердің қатысуымен өтті.

Сонымен қоса, «Әкелік жүрек жылуы» психологиялық тренинг пен «Құзыретті тұлға қалыптастыруындағы ата-ана мен ер мұғалімінің рөлі» тақырыбындағы коучинг сабақпен форум өз мәресіне жетті. Әкелер ашық микрафон алаңында іс-шараға ризашылықтарын айтып, тың бастамаға қолдау білідіріп,  алдағы күндерде әке мен бала арасында спорттық эстафеталар мен түрлі шаралармен  жалғасын табуына сенім білдірді.


 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное