Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қалалық КТК сайысы

2 ақпан күні қала мектептері арасында «ЭКОСHALLENGE» аясында көңілді тапқырлар алаңының ойыны өтті.
МАҚСАТЫ: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, әдептілікке, ұйымшылыққа, көпшілік алдында
өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көңілді тапқырлар алаңы ойынына №6 мектеп- «Гримпис» командасы,
№15 мектеп- «Эклпокаление» командасы, №18 мектеп- «Экодрайф» командасы, №62 мектеп- «Экофан» командалары белсене қатысты.
Балалар көрермендерді тек күлдіріп қана қоймай, сонымен бірге әзілдеріне бүгінгі күннің экология тақырыбы өзекті мәселе етіп, өздерінің білімді екендерін көрсетуге тырысты. Әрине бұл көрермендерді бірнеше көңілді сезімдерге бөледі.
Көңілді және тапқырлар клубы ойыны 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде командалар үйде дайындап келген сәлемдесу нөмірлерін көрсетсе, екінші кезеңде музыкалық қойылым, үшінші кезең күлкілі минятюраларын көрсетті.
Жалпы, ойын жайдары және достық қалыпта өтті. Шын жүректен соғылған шапалақтар біржарым сағаттық ойынның тұрақты сүйемелдемесі болды. Әділ-қазылардың шығарған қортындысы бойынша:
БАСЖҮЛДЕ: №62 мектеп- «Экофан» командасы;
1-ші орын: №15 мектеп-  «Эклпокаление» командасы;
2-ші орын: №6 мектеп- «Гримпис» командасы;
3-ші орын: №18 мектеп- «Экодрайф» командасы жеңіске жетті.
Командаларға жаңа жеңістер мен сәттілік тілейміз!
Құттықтаймыз!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное