Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

25.01.2019ж. күні Астана қаласы №26 мектеп-гимназиясында 1-сынып ата-аналарына арналған «Критериалды бағалау - ата-анаға» атты жиын өтті.

 25.01.2019ж. күні Астана қаласы №26 мектеп-гимназиясында 1-сынып ата-аналарына арналған «Критериалды бағалау - ата-анаға» атты жиын өтті. Жиын барысында ата-аналарға төмендегідей ақпараттар берілді: сабақ оқуда олар неге талпынады;
- оқушының осыған қол жеткізуіне көмектесу үшін не істеу қажет; ата-аналардың баланың оқуына қатысуы және оны үнемі қолдап отыруы оқуда жетістікке жетелейді; критериалды бағалау сіздің балаңыздың нені білуі және істеуі қажет екенін көрсетеді; қалыптастырушы бағалау оқушыларға өз оқуын жақсартуы туралы кері байланысты (пікірлер мен ұсыныстарды) беру мақсатында үздіксіз жүргізіледі; қалыптастырушы бағалау кезінде балаңызға баға қойылмайды; жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі (БЖБ,ТЖ); мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнату және балаңыздың оқу нәтижелерін олармен үнемі талқылау; мектепте өткізілетін іс-шараларға (оқыту семинарлары, тренингтер,бағалау бойынша кеңес беру және т.б.) қатысу.
Жиын соңында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп ҚБ, БЖБ, ТЖ тапсырмаларымен танысып, балаларының оқу үлгерімі бойынша сұрақтарына жауап алды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное