Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сапа менеджменті - кәсіптік білім берудің және біліктілікті арттырудың бөлігі

2017 жылдың 23-нен 26 қазаны аралығында колледж негізінде "ТжКББ мекемелеріндегі сапа менеджменті. Сапаны арттыру және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының "Атамекен"  Кәсіпкерлер ұлттық палатасының ұйымдастыруымен кәсіптік білім беру саласында Қазақстандық-Неміс серіктестік жобасының шегінде біліктілікті арттыру курсы өтті. Семинардық қатысушылары Қазақстанның бес аймағынан келген оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, колледж басшылары болды.
Бүгінгі таңда колледждегі және кәсіпорындардағы іс-әрекеттің барлығы оқытудың сапасын арттыру мен біліктілікті жоғарылатуға бағытталған. Сапаны жүйелі түрде дамыту қалыпты жағдайға айналып, ТжКББ жүйесін кәсіптік дамытуға алып келуде. Бұл тек барлық қатысушылар кәсіптік білім беру мен сапалы оқытуды түсінген жағдайда ғана мүмкін болады.
Еуропа елдеріндегі, нақтырақ айтқанда ГФР ТжКББ сапасын дамыту жұмысы тәжірибесімен профессор, доктор Карл-Отто Деббер мырза бөлісті.
Семинар жоғары деңгейде өтті, оған колледж ұсынған жағдайлар, заманауи құрылғылармен жабдықталған жайлы аудиториялар ықпал етті.  
Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификат берілді. Қазақстандағы Германия елшілігінің елшісі Вайнер мырза, ҚР БжҒМ ТжКББ Департаментінің директоры Оспанова Н., ҚР ҰКП адами капиталды дамыту Департаменті директорының орынбасары Шонаева Л.Ж., Астана қ. білім басқармасы бастығының орынбасары Жекебаев Д.Ш., колледж директоры Ташенов С.Б. қатысушыларға өз ықылас-тілектерін білдірді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное