Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Досыма сыйлық» акциясы

23 қазан күні гимназияда «Досыма сыйлық» акциясы басталды. Бүгін бастауыш сынып мұғалімі С.И.Құсайынова және 1Б сынып оқушылары шақырған қонақтарына ашық сабақ көрсетті.

Сабақ барысында келген қонақтар бірінші сынып оқушыларының математика пәнінен білімдерін көре алды. Оқушылар санау, құрауыштарды атау бойынша білімдерін көрсетті. Ең бастысы, олар бүгінгі сабақта зерттеушілер болды: құралдарды өлшеді, өлшеу тәртіптерін көрсетті. Сабақ өте қызықты, әрі тартымды өтті. Оқушылар өздерінің топта жұмыс істей алатындарын көрсете білді. Сабақтың рефлексиясы көрсеткендей, оқушылар сабақ барысында барлығын түсінді, сабақ қызықты болды.

 

Т.П. Вечеркинаның 5 Г сыныпта «Аралас сандар» тақырыбына өткізген сабағы  жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқушылардың сабағына  жеті түсті Гүлшесі қонаққа келді. Ол балаларға түрлі тапсырмалар әкелді. Сондықтан, балалар сабақ бойы топта, өз бетімен  жұмыс істеді, логикалық есептерді шығарды. Сабақ соңында өздік жұмысы орындады. Жұмысты өзара тексеру барысында парталас көршілер тексерді.  

24 қазан күні Е.В.Логвина 1Е сыныпта сауат ашу пәнінен  сабақ өткізді.  Сабаққа кішкентак есек қонаққа келіп, балаларға О дыбысы мен О әрпін әкелді. Балалар дыбысты зерттеді, дауысты не дауыссыз екенін білді, өз пікірін білдіруге үйренді. «Дыбысты ұста», «Сөздерді тап», «Адасқан әріптер»,  «Айна»  ойындары, «О әрпін жасай біл» шығармашылық жұмысы арқылы сабақты қорытындылады. Сабақ бойы, негізгі тақырыптың бірі Арман еді. Рефлексия кезінде оқушылар өз тілектерін кемеге салып, Арман теңізіне жіберді.  Сабақ ата-аналар мен әріптестер атынан жоғары бағаланды.  

 

Д.В.Поздеев 5А сыныпта жаратылыстану пәнінен сабақ өткізді. Балалар зерттеушілер қатарына қосылды, жұпта жұмыс істеуге, қиын сұрақтар қоюға үйреніп, ұлттардың пайда болуын зерттеп, кестені толтырды. Оқушылар өз пікірлерін дәлелдей алады, қажетті материалды таба алады және талдай алады. Рефлексия қызықты өтті. Барлығына сабақ ұнады. Бұл сабақ нағыз білім мен шығармашылықтың мерекесі болды.

 

Г.Т Камиева 6Е сыныпта қазақ тілін өткізді. Сабақ  тілектер айту тренингімен басталды. Балалар мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жұппен, топта жұмыс істей алады.  Оқушылар топта жұмыс істеп, құттықтау хат жасады, бір-біріне сұрақтар қойды.  Оқушылар синоним, антонимдерді ойын және сөйлеу жағдаяттарында, мәтіндерді құрауда қолданады. Сабақ өте қызықті өтті және балалар мен қонақтарға ұнады.

26 қазан күні Вероника Анваровна Халиулина 2 «Д» сыныпта ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушыларға дұрыс бағытты көрсете алды. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздігінен жұмыс істеді, парталарды өлшеді, есептерді шығарды, ұзындық пен өлшемді қолдану туралы қорытынды жасай алды, ауызша және жазбаша жұмыс істеді. Білгіштің барлық сұрақтарына жауап берді. Сабақ өте тартымды, әрі қызықты өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное