Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Латын әліпбиіне көшу-ұлттық жаңғырудың ұйытқысы» ақпараттық-түсіндірме жұмысы

     Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын əліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін жəне болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан болатын. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын əліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын əліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мəселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде əрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін біздің мектепте де бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналған «Латын əліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керек.
     “Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін” деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Қазір қолға алып жатқан дүниенің бəрі біз үшін емес, кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды іс. Олай болса, Елбасының сындарлы саясатын қолдап, бірлік, білім, еңбекті ұштастырып, ортақ межеге қол жеткізуге атсалысуымыз керек. Ғалымдар, əдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мəселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр. Ендеше, «Латын əліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған дөңгелек үстелімізді бастаймыз.

Бүгін дөңгелек үстелге қадірменді ғалым, зерттеуші қонақтарымыз қатысып отыр. Олар:

  1.  Қадырхан Алмажан Қадырханқызы-Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ғылыми қызметкері,
  2. Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы-тіл жанашыры, ҚР мәдениет қайраткері, қазақтың қайсар қызы,
  3. Мәмет Сүлеймен-ҚР құрмет орденінің иегері, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері,Егемен Қазақстан газетінің бөлім меңгерушісі,
  4. Еңсебаев Ержан Серікбекұлы-Астана қаласы Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің бас маманы,
  5. Әміргалиева Дайра Кайнемқызы-Астана қаласы Білім басқармасының тарих пәнінің әдіскері,
  6. Рахтаева Айгүл Мұхитдинқызы-ҚР Ұлттық мұражайының әдіскері,
  7. Калиев Жабай Нұрманұлы -Мемлекет тарихы институтының бөлім бастығы, педагогика ғылымдардың кандидаты.
  8. Сүндетбаева Орынгүл-ата-ана,
  9. Канапия Айгерім- 9 «б» сынып оқушысы.










 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное