Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Нағыз ерлерге арналған спорт

Спорт оқушы   тәрбиесінде орасан зор  рөл атқарады.   Ол денсаулықты нығайтады, мінезді қалыптастырады, төзімділікке тәрбиелейді,  организмді шынықтырады.  Спорттың қандай түрі болмасын: гимнастикалық жаттығулар, қимыл-қозғалыс ойындары немесе шахмат, бұлардың бәрі де әр бала үшін қажет болып табылады. Біздің мектептің оқушылары спорт шараларына белсенді қатысып, әрдайым жүлделі орындарды иеленіп жүреді.      Астана қаласы № 23 орта мектеп жанында «Вагончик» аулалық клубы жұмыс істейді. Ондағы  балалар аса  ұнатып айналысатын  спорт секцияларының бірі -  грек-рим күресі, аталған секцияға біздің мектептен 35 шақты оқушы қатысады. Оларды ҚР спорт шебері, жоғары біліктілік деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Балмағамбетов Оралхан Маратұлы жаттықтырады. Ол грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Азия Чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады.   
Өткен демалыс күні біздің мектепте  грек-рим күресі бойынша «Вагончик» аулалық клубы кубогіне чемпионат өткізілді. Жарысқа 2001-2003 жылдары туылған,    өзінің қиын да ауыр спорттық жолын жаңа бастаған ең жас спортшылар қатысты.    
         Құрметті қонақтар қатарында  құттықтау сөз сөйлеген  қалалық мәслихат депутаты Шібкенов Зейнолла Рахымұлы   жарысқа қатысушыларға денсаулық және жеңіс тіледі.


 

Жарысқа қаламыздың  келесі  спорт клубтарының  жас дарындары қатысты:  «Юность», «Классик», «Вагончик» аулалық клубтары,  «Жас батыр» , «Алатау» спорт кешендері және   «Астана –Арена Орталық стадионы. Грек-рим стилімен күресуші жас балуандар , барлығы 56 адам, осы жастық топқа сәйкес техника-айлалық және дене даярлық деңгейін көрсете білді. Алайда жеңімпаз атағы бәріне бірдей бұйырмайды, барлық спортшылар едәуір күш салып , тырысып баққандарымен, жүлделі орындарды тек ең мықтылар жеңіп алды.



Жарыстың Ережесіне сәйкес  жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежелердегі дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  
Біздің спортшылар арасында Төрехан Дәулет 69 кг дейінгі салмақ категориясында   1 орын алып, кубок иегері атанды.  
Разумов Артур  - 69 кг дейінгі салмақ категориясында  2 орын, Тайсюганов Серикбай  46 кг салмақ категориясында 3 орын жеңімпаздары атанды.   


Мектеп әкімшілігі,  педагогикалық және оқушылар ұжымы жас чемпиондарымызды және олардың жаттықтырушысы О.М.Балмағамбетовті шын жүректен жеңістерімен құттықтайды!
Жарыс аяқталды,  жеңіс қолда. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, әрдайым бойларын босаңсымай еркін ұстауларын, қол жеткен табыстармен шектеліп қалмай,  сүйікті спорт түрі бойынша жүлделі орындар үшін күресті одан әрі жалғастырып, үлкен марапаттарға  ие бола берулеріне тілектеспіз.  

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное