Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Төрлетіңіз, Алтын күз!»

С. Мәуленов атындағы №37 орта мектепте бастауыш әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен 11-21 қазан аралығында «Төрлетіңіз, Алтын күз!» атты онкүндік өтті.  Әр күн белгілі бір пәнге бөлініп, соңында нәтижелері шығарылды.  Математика күні  «Роботтар әлемінде»   әртүрлі материалдардан роботтар жасау, көрме ұйымдастырылып, ең үздік жұмыстар марапатталды.  Әдебиеттік оқу күні «Жылдам оқып жарыста,  сен ешкімнен қалыспа!»  атты тақырыппен ең жылдам оқитын оқушыларды анықтады. «Сөз құдіреті» ақын-жазушылардың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу сайысы  2-3 сыныптар арасында өтті.  Оқушылар дайындаған үзінділерін мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айтты. Әділқазылар  алқасы  І,ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдармен мадақтады.  Дүниетану күні  1-4 сыныптар арасында  «Күзгі Астана»   фотоколлажы және «Күздің сыйы»  жеміс-жидектерден композициясы дайындалып, көрме ұйымдастырылды.  Денсаулық күні  1(орыс,қазақ)  сыныптар  арасында  «Әкем, анам және мен –спортпен доспыз әуелден » отбасылық сайыс жоғары дәрежеде өтті.  «Салауатты тамақтану мектебі» атты тақырыбында  3 (орыс,қазақ) сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мектептің  актзалында  пайдалы, тартымды  көрініс қойды. 23 қазанда  онкүндіктің  салтанатты жабылу жиыны өтті. 
Әр іс-шараға белсене қатысқан оқушылар  мақтау қағазымен марапатталды.
    


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное