Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ұстаздар мерекесінде өзін-өзі басқару ұйымы

Ұстаздар күні қарсаңында біздің мектепте “Өзін-өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Мектеп кіре берісінде әдеттегідей кезекші мұғалімдер мен директор орынбасарлары емес, тек оқушылар ғана тұрды. Келген мұғалімдерді қарсы алып тұрды. Дайындық сондай қызықты болды, оқушылар көптеген мәселелер мен тапсырмалар орындауға тырысты. Оқушылар өздері беретін сабақтардан пәндерді таңдап, сабақ кестесін құрастырып, лауазымдарды бөлді. Ұзақ тосқан күн де келді. Мұғалімдер мен оқушылардың қолдауы және сабаққа тиянақты дайындалғандықтан сабақтардың барлығы “жақсы” мен “үздік” деген бағаларға ие болды. Өткізілген “Өзін-өзі басқару күні”  шарасынан кейін оқушылар ересек адамның өмірі қиын екенін түсінді. Оқушылар тапсырылған шараға деген жауапкершілік сезініп, мектептегі оқу үдерісінің кез-келген істеріне араласып, барлығын қадағалап жүрді. Осы күні оқушылар үшін қызықты да қиын күндердің бірі болып саналды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное