Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Екі жұлдыз» мега - ән байқауы өтті

Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына  орай № 48 мектеп – лицей ұжымы арасында кәсіподақ  мүшелерінің  ұйымдастыруымен  «Екі жұлдыз» мега - ән  байқауы өтті.  Байқауға  9 жұп қатысты.  Байқаудың шарты бойынша  бірінші әні патриоттық және екінші ән еркін тақырыпта. Әр жұп өте жақсы дайындалған. Байқауға қатысушылар сырт келбеті, киім кию үлгісі, шығармашылық, ән таңдау деңгейі, әнді орындау шеберлігі  шарттарын ескере отырып, әр жұп бағаланды. Ерекше көзге түскен эстетика және қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі көрермендер көзайымына айнала білді. Төрешілер өз міндеттерін атқарды.

Әділқазылар алқасы: Нұралиева С.С. – мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мауленов С.С. – музыка пәнінің мұғалімі, Махшар А. – кәсіподақ төрайымы, Ахметқалиева М.Ж. – бастауыш сынып мұғалімі.

 Жарыстың қорытындысы:
«Бас жүлде» – эстетика бірлестігі
І орын – қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі
ІІ орын – математика, информатика, физика бірлестігі
ІІІ орын – техникалық қызметкерлер бірлестігі





















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное