Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Бастауыш сыныптың жетекшілерімен өткен тренинг

Желтоқсан айының 14-ші жұлдызы күні бастауыш сынып жетекшілерімен Ахметкалиева Мара Жамбылқызы «Оқушыларды  сүйіспеншілікке тәрбиелеу» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың  бойына ұлттық сананы сіңіру болды.Сүйіспеншілікке,мейірімділікке тәрбиелеу жолдары көрсетілді. Пікір алмасу,ой қозғау,сұрақ-жауап,психологиялық жаттығулар арқылы өткен тренинг әр сынып жетекшісіне ой салып,әсер етті. «Ой жинақтау» бөлімінде барлық сынып жетекшілері белсенділік танытты. Әр топқа тақырып   беріліп, сынып жетекшілері өз ойларын,тәжірибелерін ортаға салды.Ситуациялық жаттығулар да болды. Тренинг соңында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісінің орынбасары Абдикеримова Нұрхан Саветқызы, тәрбие ісінің орынбасары Нуралиева Сырғагүл Сайлаубекқызы өздерінің жағымды пікірлерін айтып, Мара Жамбылқызына алғыс білдірді.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное