Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерей тойы құтты болсын!!!

Сіздерді - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 25 жыл бұрын орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті

Тәуелсіздік күні - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тәуелсіздікке ұмтылыс қашан да кедергі мен күреске толы болғаны әмбеге аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын  арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке.

Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз. Тәуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды. Елбасымыз, дүниежүзілік саяси ауқымдағы тұлғалардың бірі. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан қатардағы елден аймақтағы көшбасшы мемлекетке айналды. Өзгелермен терезесі тең сөйлесетін зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық.

Осы егемендігіміздің арқасында Қазақстан халықаралық ареналарда  зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы Еліміз бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу жө­нінде басымдықпен же­ңіс­ке жетті. Бұл Қазақстанның экономика­лық қуатын жаһандық танудың айқын көрінісі екені сөзсіз.


Картинки по запросу тәуелсіздік күнімен құттықтау сөздері


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное