«Қош бол, алтын ұям - мектебім» атты соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
2016 жылы 25 мамыр күні сағат 10.00-де «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.Жиынға Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектепті бұдан 50, 55 жыл бұрын бітірген түлектер салтанатты жиынымызға қатысты. Құттықтау сөз мектеп түлектері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, құрмет орден иегері, Ыбырай Алтынсарин төс белгісі, Қ.Р-ның мәдениет қайраткері, ақын Оспан Сүлейменов және «Еңбек ардагері» медалі, «Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Қазақстан мұғалімдерінің Ү съезінің делегаты», «Елорда білім жүйесінің алтын қоры» атты кітапқа есімі жазылған, «Халық мұғалімі» медалінің иегері Дәмеш Өмірбекқызы, және білім нәрін берген, әріп танытқан алғашқы ұстаздары атынан Мыңжасарова Төлебике Атығайқызы қатысты. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Базаркүл Сағындыққызына берілді.
Мектепті үздікке бітіріп, «Алтын белгіге» үміткер және ерекше аттестат алғалы отырған, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба, олимпиада жүлдегерлері, мектеп қабырғасында, қала көлемінде, сан түрлі білім, тәлім сайыстарында мектеп мақтанышы атанып жүрген түлектер марапатталды.
Білім кілтін тапсыру рәсімін мектебіміздің мақтаныштары, оқу озаты, «Алтын белгіге» үміткер, аудандық, қалалық, халықаралық олимпиада жүлдегерлері 11- сынып түлектері атынан Жағыппарова Қаламқас, Есімсейтова Айым, Мергенбек Нұрдәулетке берілді.
Білім кілтін қабылдап алу бітіруші түлектердің ізбасарлары 10-сынып оқушылары, оқу озаты, қалалық, республикалық олимпиада жүлдегерлері Смаханов Яссауи, Төлегенова Жанерке, Әбілдина Гүлфайрузға тапсырылды.
Соңғы қоңырау соғу құрметі 11-сынып түлегі, халықаралық ғылыми жоба сайысының І орын жүлдегері, мемлекеттік грант иегері Нұрулла Аружан және қалалық байқаулардың жүлдегері Қаражан Кристина халықаралық ғылыми жоба сайысының жүлдегері Байтеміров Айдар және 1-сынып оқушыларына берілді.
Мектеп түлектеріне алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз.
АҚ ЖОЛ, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер