Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

№55 «Қарақат» балабақшасындағы «Өзін – өзі тану» күні

DEN'SAMOP2014 жылдың қаңтар айының 15-ші жұлдызында   №55 «Қаракат» балабақшасында рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері», Астана қаласы бойынша Балалардың құқығын қорғау департаменті және қалалық Білім беру басқармасы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының бағдарламасы аясында қалалық іс-шара  өткізілді.
       Іс – шараның мақсаты: өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.  Өзін – өзі тану ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетіне мектепке дейінгі ұйымдардан 40 педагог қатысты.
      Астана қаласының  Балалардың құқығын  қорғау департаментінің бас маманы Л.Темирлина департаменттің жеке тұлғаның рухани – адамгершілік дамуының жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады. №55 «Қарақат» балабақшасының меңгерушісі А.Байботанова  педагогтардың назарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде тәрбие және білім беру барысында балалардың жеке қабілеттерін арттыра отырып жалпы адамгершілік құндылықтарды игерту.
    DEN' «Мен әдепті баламын» ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде тәрбиеші А.Динтаева, «Өзін – өзі тану» адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің түлегі Д.Ағыбаева, Т.Наметкулова, А.Байтенова, А.Қазыбаева,  ән – күй жетекшісі Т.Берекетова әдістемелік әдіс – тәсілдерін: тыныштық сәті, шаттық шеңбері, жүректен жүрекке, сахналау, дәйексөз көрсетті.
      Педагог – психолог С.Сүлейменова педагогтармен тренингтер, ойын – жаттығуларын өткізді. Өзін – өзі тану  ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде балалар мынадай ұғымдармен танысады: ЖАҚСЫЛЫҚ, ЖАНАШЫРЛЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ӘЛЕМ, БАҚЫТ, ДЕНСАУЛЫҚ сияқты.DEN'2
        «Әлем қандай ғажайып!» атты шығармашылық көрмеде балалардың қызықты жұмыстары көрсетілді.  Ж.Сұлтанбекова мектеп алды даярлық тобында өзін – өзі тану бұрышын әсемдеуге зор үлесін қосты.
Қатысушыларға ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінен көрнекілік құралдар алды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное