Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Жексенбі күні мектеп есігінің қонақтарды күте ашылуымен басталды

Жаңа 2014 жылдың қаңтардың 12-ші жұлдызында №59 мектеп-лицейінде жексенбі күні мектеп есігінің қонақтарды күте ашылуымен басталды.
Бұл күні мектеп қабырғасында қалалық дебаттық турнир өзінің біркүндік жұмысын бастады. Атап айтқанда, бұл турнирдің ұйымдастырушылары №59 мектеп-лицейі және Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің жанындағы Қазақстан бойынша дебат және де басқа зияткерлік ойындар «Империя» мектеп лигасының ассоциациясы.
№59 мектеп-лицейінің рухани-адамгершілік тәрбие бағытында алғаш жүргізіліп отырған  іс-шара келесі мақсатты өз жетекшілігіне алды: оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыра отырып, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Турнирдің салтанатты бөлімі Қазақстан мемлекеттік әнұранын орындалуымен басталды.
Қалалық дебаттық турнирдің қатысушыларын қарсы алу мақсатында мектеп әншілері шағын концертін ұсынды.
Іс-шараға екі тілде жүргізілді. Турнирге қаланың көптеген мектептері қатысты: қазақ лигасында 13 команда ойнады, бұл №№5, 15, 38, 55, 57, 59, 64 және «Зерде» мектебінің командалары; орыс лигасында 17 команда ойнады, бұл №№4, 5, 6, 10, 14, 15, 30, 46, 53, 59 мектептерінің командалары.
Қатысушылар қызу дебат кезеңдерінен өтіп, турнир жұмысы өз мәресіне жетті. Әр жеңімпаз команда өз жеңісіне әділетті де қатал қазылар сынағынан өтіп жетті.
Қазақ және орыс лигаларының нәтижелері келесі кестеден жақсы көрінеді:
 
 
Қазақ тілді лига:
Орын
Мектептер
1
«Зерде» мектебі
2
№15 мектеп-лицей
3
№38 мектеп-лицей
 
Орыс тілді лига:
Орын
Мектептер
1
№ 6 школа-гимназия
2
№ 5школа-гимназия
3
№ 6 школа-гимназия
 
Ең үздік спикерлер: Мырзағали А. - №15 мектеп-лицей және Шернияз А. – «Зерде» мектебі.
Турнир өз жұмысын сағат 9-00-де бастап, кешкі 19-30-да аяқтады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное