10 қазан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Тазалық күніне” байланысты мектеп парламенті тазалыққа жауапты адамдарымызға алғыс айтып, құрметтерін көрсетті.

9 қазан күні “ Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Кәсіби бағдар” күніне байланысты мектеп оқушылары үшін арнайы мобилография курсынан сабақ өткізілді.

Курс барысында оқушыларға камераны дұрыс пайдалану, видео түсірудегі фишкалар мен лайфһактар, монтаждауға арналған тиімді программалар көрсетілді.

Қазір өзін-өзі таныстырудағы әлеуметтік желілер мен ондағы ақпараттың өтімділігі маңызды болғандықтан, мобилографияның оқушылар үшін керек әрі пайдалы мамандық екені сөзсіз.

13 - 23.09.2024 жылы жарияланған конкурстың нәтижесі

"№43 Қосымша білім беру мектеп орталығы" ШЖҚ МКК бойынша 5-11 сынып оқушыларының арасында жасөспірімдер өміріндегі буллинг, кибербуллинг пен қорқыту, мектептегі буллингті анықтауға және алдын алуға байланысты 9 сұрақтан тұратын сауалнама парағы таратылып берілді. Әр оқушыға сауалнаманы мұқият оқып, сұрақтарға жауап беру тапсырылды. Сауалнама жасырын түрде жүргізілді.

р/с

№1

сұрақ

№2 сұрақ

№3 сұрақ

№4 сұрақ

№5 сұрақ

№6 сұрақ

№7 сұрақ

№8 сұрақ

№9 сұрақ

«А»

100%

3%

12%

13,5%

64%

13%

«Б»

0%

68%

1%

44,5%

12,5%

67%

6%

48%

«В»

32%

30%

87,5%

33%

30%

32%

«Г»

3%

87%

12%

7%

«Д»

94%

Қосымша-1

2 қазанда психолог және әлеуметтік педагог " қалай табысты болуға болады?!"9-11 сынып оқушылары үшін. Іс-шара барысында балалар кәсіби салада табысқа жету үшін қажетті негізгі дағдыларды талқылады, саналы шешімдер қабылдау және өздерінің күшті жақтарын талдау қабілетін дамытты. Ойын қатысушыларға әртүрлі кәсіптер туралы біліп қана қоймай, жеке қасиеттер мен ұмтылыстар өмір жолын таңдауға қалай көмектесетінін түсінуге мүмкіндік берді.

Тақырыбы: "Ұстаз аты биік әрі мәңгілік" атты кітап көрмесі

Күні: 04.10.2024 ж.

Іс-шара: 5-қазан - ұстаздар күнін атап өту қарсаңында мектеп кітапханасы “Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік” атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ халқының ұлы ағартушы -педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов туралы мәліметтер мен кітаптары қойылды. Ол кісілер өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл Қазақстан халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді.
Мақсаты: Ұстаз атын ұлықтау, халқымыздың ағартушыларының еңбектерін дәріптеу.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны