ІІІ Халықаралық «Дарындар әлемі» ұйымдастырған жасөспірімдер мен ересектерге арналған «Волшебный микрофон» өнер байқауында 11-14 жас аралығында «Эстрадалық вокал. Соло» номинациясы бойынша өнер көрсеткен № 64 мектеп-лицейінің оқушысы Бекжан Назарбек «І-орын» жүлдесімен марапатталды және «Үздік ұстаз» Дипломымен жетекшісі Сарсенбаева Толқын Жумагазыновна марапатталды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 26-жұлдызында өткен қалалық «Дала өрнектері» би байқауына мектебіміздің мың бұрала би билеп, сахна сәніне айналған «Айкөркем» би тобы қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Биді өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өміріміздің көркем өрнегі ретінде және оның жаңа билермен жарқырап жайнай түсуіне, адамның тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезінуіне ықпал етіп жүрген топ жетекшісі Ахметова Роза Әсілханқызына тек шығармашылық табыс тілей отырып, ұлттық өнеріміздің ғұмыры ұзағынан болғай деген тілек білдіреміз!

Хабарландыру!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР
Астана қаласы С.Мәуленов атындағы #37 орта мектепте 2019 жылдың қаңтар айынан бастап "МЕКТЕП ЕРІКТІЛЕРІ" отряды құрылуда. Еріктілер қатарына 5-7 сынып оқушылары ата-аналар рұқсатымен анкета толтыру арқылы қабылданады. Отряд құрудағы мақсатымыз оқушылар арасында қоғамдық мәдениетті қалыптастыру және дамыту. Қосымша мәліметтерді 8 775 664 67 09 (Аға тәлімгерден) немесе мектеп президенті Аймахан Нұрболдан біле аласыздар.

27 -ші қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне орай, 25-ші қаңтар күні "MEH OFFLINE" атты ауқымды науқан өтті. Бұл күні балалар да, ұстаздар да ұялы телефонсыз келіп, күні бойы желі құралдарын қолданбады. Науқанның соңында барлығы бір күндік әсерлерімен бөлісті. Осылайша, жұма жақсылығымен баршада оң әсерін қалдырды.
25 қаңтар күні «Оқушылар сарайында» қалалық жас техниктер чемпионаты өтті. Робототехника, автомоделдеу, авиамоделдеу 3D – моделдеу және т.б номинацияларда мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған мектебіміздің жас техниктерін және жетекшілерін құттықтаймыз!

26 қаңтарда Астана қаласындағы № 65 мектеп- гимназиясында «Ұлы даланың даналары» атты республикалық байқау өтті. Байқаудың мақсаты-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар берілген ұлы тұлғалардың біреуінің шығармасын жатқа айтты (А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы). Екінші кезеңге өткен оқушыға жоғарыда аталған тұлғалардың шығармашылықтарынан сұрақтар қойылды. Бұл сайысқа № 64 мектеп- лицейінің оқушылары да белсенді қатысты. 5 «М» сынып оқушысы Өсербек Әмина ІІ дәрежелі дипломмен (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шотпаева А.Б.); 9 «к» сынып оқушысы Құрмантаев Сағынтай

ІІІ дәрежелі дипломмен; (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махметова Т.С.) 10 «А» сынып оқушысы Амангельдин Дамир мен 7 «Г» сынып оқушысы Сырымбек Дамир (жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жусупбекова Д.Б. мен Зардыхан Болашақ) белсенді қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Осындай тамаша жетістік көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушыларымызға тек биік шыңдардан көрінуін тілеймін.

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), Қызылша

Жедел респираторлы вирусты инфекциялар.

(ОРВИ)

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) - ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90% құрайтын ауру. ЖРВИ-дің таралуы қыста жиірек (вирустар бұл кезде белсендірек), жазда-сирегірек.

ЖРВИ-ді қоздыратын вирустар тыныс жолдарының; мұрын және көмекей, жұтқыншақ және бронхтардың, тіпті өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайды. Вирустардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белгілісі –тұмаудың вирусы, сонымен қатар басқалары да бар, олар- парагрипптің вирусы, аденовирус, риновирус, реовирус және т.б, бұл вирустардың әрқайсысының бірнеше түрі болады.

Қоршаған ортада вирустар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа- тамшылы жол ( түшкіру, сөйлесу) арқылы жұғады. Ауруды жұқтырғаннан кейін алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аз уақыт өтеді. Бірнеше сағаттан бастап, төрт күнге дейін ( бұл жасырын кезең). Кез келген респираторлы вирус бүкіл тыныс алу жолдарын емес, тек белгілі бөлігін зақымдайды. Вирустар тыныс жолдарының әртүрлі бөлімдерін талғап орналасуымен сипатталады.

Риновирус- мұрынның шырышты қабатында орналасады, парагрипп – көмей мен кеңірдікте, грипп – кеңірдек пен бронхта және т.б.
ЖРВИ-дің міндетті түрде болатын белгісі- суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы (38,5С дейін) көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар кілегей қабықтардың ісінуі байқалады- катаралды көрініс: мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін. Айта кету керек, ЖРВИ-дің тұмаудан айырмашылығы, әлсіз көрініс дене қызуының көтерілуімен бірге немесе одан да бұрын пайда болады. Әдетте тұмау жедел басталады: қалтырау, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, тершеңдік, бұлшық еттердің ауруы, бастың қатты ауруы, көзден жас ағу, қатты жөтел, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітелуі және т.б белгілер пайда болады.

Диагнозды аурудың отбасында немесе барып жүрген балалар ұжымында тұмаумен ауырған адаммен қатысқанына және лабораториялық зерттеулерге сүйеніп қояды. Емдеу:
ЖРВИ –мен ауырған адамдар көбіне үйде емделеді. Дәрігер келгенше ауруды төсекке жатқызып, оңашалау және жақсы күтімді қамтамасыз ету керек. Ауруханаға көбінесе аурудың ауыр және асқынған түрлерімен ауырған балаларды жатқызады. Аурулардың жеке гигиенаны сақтауларына және бөлмені таза ұстауға аса көңіл аудару қажет. Тамақты организмнің ерекшелігіне және жасына қарай тағайындайды. Тамақ жеңіл сіңімді және витаминдерге бай болу керек. ЖРВИ-дің асқынбаған жеңіл түрлерінде арнайы емді және дәрі дәрмектерді қолданбай-ақ қоюға болады.

Алдын алу:

Тұмаудың және басқа ЖРВИ- дың алдын алу шаралары негізгі үш бөлімнен тұрады:

1.Ауру адамды инфеция көзі ретінде сау адамдардан оңашалау;
2.Қоршаған ортадағы вирустарды жою;
3.Организмнің тұмауға және басқа респираторлық вирустық ауруларға қарсы төзімділігін көтеру.

26 қаңтар күні №55 орта мектепте "Критериалды бағалаудың тиімді жолдары" тақырыбында 1,4,9сынып ата-аналар жиналысы өткізілді. Барлығы 80 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында жеке,жұптық,топтық жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыс барысында жұмыс істей отыра өздерін бағалауды үйренді. Бір ерекшелігі ата аналардың барлығы өз жасаған жұмыстарына жоғары баға қойып отырды. Ұстаздар ата-аналарға әр дискриптордың суреттегі дәлелін әрі суреттің дәл салынбағанын нақты түсіндіре білді. Жеке жұмыс дүниетану пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары берілді. Берілген тапсырма іс-әрекет түрлерінің атауларымен сәйкестендіру қажет етілді. Және де тапсырма оңай түрінде берілгенімен оған нақты мән берілу талап етілді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны