Бүгін Тәуелсіздік сарайында "Нұр-Отан" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының және білім басқармасының қолдауымен фотокөрменің ашылу салтанаты өтті
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей...
Бүгін «Инклюзивті білім беру мен иклюзивті тәжірибені дамыту жолдары» тақырыбында мектебімізде 7-8 қараша республикалық семинар өткізілді.
Біздің мектеп ашылғаннан бері ерекше оқу қажеттілікті талап ететін оқушылармен жұмыс жасап, дамытып келеміз. Мектептің барлық оқушыларын бөліп жармай 21 ғасырдың азаматы етіп тәрбиелеудеміз! Соның арқасында мектебімізде осындай семинар өткізу мәртебесі бұйырды. Бүгінгі күні инклюзивті білім беруде жоғары нәтижесін еліміздің түкпір - түкпірінен келген мектеп ұжымдарына өз тәжірибесін көрсетті!

Мектебімізде «Мен ұсынатын кітап» эстафетасы басталды. Мақсаты оқушыларды кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістер жобасы өткізілді.

Бүгін "Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына" арналған университеттік пәндік олимпиадаға "Көпбейінді колледжі" МКҚК студенттері азық-түлік технологиясы пәні бойынша мектеп, кәсіптік лицей, колледждер мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің білім алушылар арасында өткен пәндік олимпиадаға қатысты.
«Менің экомектебім» жобасының мақсаты: оқушылардың экологиялық танымдық білімін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға және қалдық заттарды қайта пайдалануға үйрету.
Біздің мектебімізде 4-қарашада «Менің экомектебім» жобасы аясында мектеп ауласында «ECOTRUCK» келіп, 5-сынып оқушыларына қоқыстың өнділу тәсілдерін көрсетіп, оқушылар өз қолдарымен қоқыстарды өңдеп, жұмыс жасап көрді. Жалпы 357 оқушы бұл жобаға қатысып, өз үлестерін қосты.

Азаматтық қорғаныс күніне байланысты шара өткізілді

8 қараша күні мектебімізде жалпыреспубликалық бірыңғай іс – шара негізінде «Адалдық сағаты» өтті. Сабақты агенттіктің аға офицері Абил А. Б. өткізді. Сабаққа 7 сынып оқушылары, барлығы 40 оқушы қатысты. Сабақ барысында оқушыларға адалдық, жемқорлық тақырыбында ақпараттар берілді, кері байланыс ретінде сұрақ – жауап алмасты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны