#8 орта мектебінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің өкілдерінің қатысуымен 5-7 сынып оқушыларына "Қоғамдық ортадағы тәртіп пен жолда жүру ережелері" тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.
Өз-өзіңе адал бол
Бүгін 2019 жылдың 14 қараша күні мектебімізде өнерлі оқушыларды анықтау, өнерлерн шыңдау мақсатында "Шырқа гитара"

Нұр- Сұлтан қаласы «№ 45 орта мектеп» КММ- де 13.11.209ж «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бала тәрбиесі» тақырыбында «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар сериясы авторларының бірі, сарапшы, психолог Сейілбек Мырзабаймен кездесу өтті. Кездесуге 48 ата- ана және мектеп ұжымы қатысты. Кездесу барысында Сейілбек Мырзабай бала дүниеге келгеннен бастап 3 жасқа шейінгі уақытта табиғатпен танысу керегін, нейрон, жүйке талшықтарының дамуы, оның жеткіншек қабілетінің дамуына әсері туралы айта келіп, баланың өсу кезеңі, жеке тұлға ретінде адам баласының жақсы қалыптасуындағы ата- ана ролі мен танытар ықпалы туралы түрлі мысалдар келтіре отырып әңгімеледі. Кездесу өте жақсы әсерде өтті.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – атамекенді сүю, заңды құрметтеу, міндетті түсіну, жастардың өз Отанын сезінуі, өз елінің тарихи құндылықтарынан нәр алуы – бұл ұғымдарды қалыптастыру тек ұдайы кешенді жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде ғана жемісті болады. Өз кезегінде осы мәселелерге елордалық орта және арнайы орта оқу орындарының басшылығы да аса зор көңіл бөлуде.

Елордада «Ел Тірегі - 2019» патриоттық акция өткізіліп, оған 1200 астам оқушылар мен әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары шараға қатысты.

Біздің оқу мекемеміздің де ұстаздары мен оқушылары өздері үшін ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның куәгері болып қайтты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Астана» концерт залының кіреберісінде әскерге шақырылатын жастар үшін әскери оркестр өнерін көрсетті, әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара басында ұйымдастырылған көрме жоғарғы сынып оқушылары мен студеттердің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жасөспірімдер жарыса қолдарына қару алып, киім үлгілерін қызыға тамашалады.

Әскерге шақыртылған жастар алдында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен мен мәслихат депутаты Қ.Таукен және Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері жылы лебіздерін білдірді. Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні біздің армиямыз күннен күнге дамып келе жатқанын, сонымен қатар, азаматтардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығының артқанын атап өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді жастарға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, Отан қорғау шебінде жан кешкен әкелері, аталарының батырлығы туралы ескертіп өтті.

Айтылған лебіздерден соң, әскер түрлері мен тектері болашақ сарбаздарға әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері қонақтар үшін өз қызметтерін танытатын бейнебаяндар ұсынды. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті.

2019 жылы 13 қараша күні мектебімізде "Тау тұлға" жобасы аясында "Балапан" телеарнасы қонаққа келді.
2019 жылғы 13 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті күні және ҚР Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында «Жас сарбаз» ұландарының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асыру және жаңа қазақстандық патриотизм идеясы негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және біздің еліміздің болашақ іргетасын қалайтын жастарды әскери-патриоттық тұрғыда әскери қызметке тәрбиелеу мақсатында 2019-2020 оқу жылында «Жас сарбаз» сыныптары ашылды. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы жас сарбаздар мен ата-аналарды құттықтап, бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Ұландарымыз үшін есте қаларлық күні қамқоршылык кеңесінің төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович те қолдап келіп, ыстық лебізін білдірді. "Бүгінгі жастар-ертеңгі ел болашағы" дегендей, әскери тәртіпке бет бұрған 52 сарбазымыз Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары және патриоттары болатындығына, Отанды ыстық сүйіп, қадір-қасиетін ешқашан түсірмей, Қазақстанды өз жүректерінде мақтанышпен алып жүретіндеріне кәміл сенімдіміз!
«Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны