Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
15 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы #49 мектебінің 10-сыныбында қазақ тілі пәнінен “Көшпенділер өркениеті” тақырыбында десант сабақ өтті.

#49 орта мектепте Этностильдік заманауи киім үлгілері атты тақырыпта ашық сабақ берген Көркем еңбек пəні мұғалімі Едилбаева Бағлан Мауленовна

Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектептің 11 «А» сыныбында 15.11.2019 күні «І.Жансүгіров - қазақ поэзиясының құлагері» атты әдеби кеш өткізілді.
Ағымдағы жылдың қараша айының 15-і күні, №4 мектеп-гимназиясында «Алтын күз» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараға біздің мектебіміздің 7-11 сынып оқушалары ат салыса қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.
Бүгін мектебіміздің 9 "Ә" және 9 "Б" сыныптары Менеджмент және бизнес колледжінде экскурсияда болды.
2019 жылдың 15-сінші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы 10-11 сынып оқушылар арасында ФДН бойынша « Отан қорғаушы» атты сайыс өтті. Жарысқа 6 мектептен жалпы саны 62 оқушы қатысты. №21 орта мектебінің атынан Василевский Никита, Домащук Александр, Войтко Илья, Санкеевич Анатолий, Солдатенко Давид, Мелентьева Вероника, Вотинова Анастасия қатысты.
Жол сайынғы дәстүрлі күз мерекесі «Күз аруы – 2019 » байқауы 26 қазаңда өтті. Ус-шара жоғарғы деңгейде өтті, әр қатасушы ерекше болды. Алдымен қатысушылардың визит карточкалары ұсынылды, содан кейін олар күзгі киім үлгілерін ұсынды . Содан кейін қыздарға өз таланттарын көрсету керек болды.

Жастарды патриотизмге

тәрбиелеу бойынша «Ел Тірегі - 2019» акциясы өткізілді

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – атамекенді сүю, заңды құрметтеу, міндетті түсіну, жастардың өз Отанын сезінуі, өз елінің тарихи құндылықтарынан нәр алуы – бұл ұғымдарды қалыптастыру тек ұдайы кешенді жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде ғана жемісті болады. Өз кезегінде осы мәселелерге елордалық орта және арнайы орта оқу орындарының басшылығы да аса зор көңіл бөлуде.

Елордада «Ел Тірегі - 2019» патриоттық акция өткізіліп, оған 1200 астам оқушылар мен әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдер және олардың ата-аналары шараға қатысты.

Біздің оқу мекемеміздің де ұстаздары мен оқушылары өздері үшін ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаның куәгері болып қайтты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «Астана» концерт залының кіреберісінде әскерге шақырылатын жастар үшін әскери оркестр өнерін көрсетті, әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара басында ұйымдастырылған көрме жоғарғы сынып оқушылары мен студеттердің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жасөспірімдер жарыса қолдарына қару алып, киім үлгілерін қызыға тамашалады.

Әскерге шақыртылған жастар алдында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен мен мәслихат депутаты Қ.Таукен және Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері жылы лебіздерін білдірді. Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні біздің армиямыз күннен күнге дамып келе жатқанын, сонымен қатар, азаматтардың Қарулы Күштерге деген қызығушылығының артқанын атап өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ахат Бекмәді жастарға Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі, Отан қорғау шебінде жан кешкен әкелері, аталарының батырлығы туралы ескертіп өтті.

Айтылған лебіздерден соң, әскер түрлері мен тектері болашақ сарбаздарға әскери қызмет атқару кезіндегі қажетті амалдар мен әскери қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Ұланы мен Шекара қызметінің өкілдері қонақтар үшін өз қызметтерін танытатын бейнебаяндар ұсынды. ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мерекелік концерттік бағдарлама тарту етті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны