Бүгін 20.11.2019 ж. күні С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 6 "А" сыныбында Қазақстан Республикасы БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын қабылдаудың 30 жылдығын, ратификациялаудың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы "Балалар үшін бірге" Бүкіләлемдік балалар күні шарасының жоспарына сәйкес "Бүгінгі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ" атты сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға адам құқығы, бала құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сынып сағатының барысында:
1.Тренинг "Қол соғыңыздар, егерде ..." ойыны
2.Оқушылар заң, конституция, конвенция ұғымдарымен және Бала құқықтары туралы конвенциямен толық танысты.
3."Сен білесің бе?" сұрақ-жауап
4."Тәртіп орнат" (сәйкестікті табу)
Сабақтың соңында оқушыларға үндеу жасалды:
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Ар-намысыңды биік ұста. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен - тәуелсіз еліміздің болашағысың!

СҮЙІСПЕНШІЛІК - АДАМНЫҢ БАСТЫ ҚАСИЕТІ, АҚИҚАТ - ОНЫҢ НЕГІЗІ, ДҰРЫС ӘРЕКЕТ - ОНЫҢ ШЫНАЙЫ ӨМІРІ....

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері С.Нұрмаханова мен Р.Жанабекова аталмыш тақырыпта 6-8 сынып оқушыларының ата-аналарымен тренинг сабақ өткізді. Аяздың аптабына қарамастан, бала тәрбиесін назарда ұстайтын ата-аналарымызбен жылы кездесу бізді де марқайтып тастады. Сабақтың бастамасы "Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы" деген ойлармен бастау алып, тарқатылды. Ата-аналармен адами бес қасиетті құндылық туралы бірге талқыланып, шығармашылық жұмыстар жасалды. Тренинг сабақ ата-аналар үшін заманауи баланы рухани азық бере отырып, адамдықтың асыл 5 құндылығын сіңіре отырып тәрбиелеудің жолдарын қарастыруда маңызды дүниелердің басын ашуға септігін тигізді. Мектеп педагогтары рухани даму жолында оқушы үшін де, ата-ана үшін де көмек қолын ұсына алатындықтарын тағы бір көрсетті. Болашақта оқушыны ата-анамен бірге тізерлесіп тәрбиелеуге шақырдық.
БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚ: ӘР БАЛА ҮШІН ҚОРҒАЛАТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ.
20 қараша күні 2-ауысым үшін 5-7 сыныптар арасында «Бүгінгі және болашақ:әр бала үшін қорғалатын балалық шақ» тақырыбымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары Конвенциясы туралы жалпы түсінік беріу, өз құқықтары туралы айту және әрекет ету, оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң аплдындаңы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдықтың тиімді жлдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Құқықтық нормативтік актілерді орындай білу, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу,өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру.
5-сыныптармен болған сынып сағатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, «ассоциация» әдісі бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
1. «Ассоциация» әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа? (Күн суреті) әр топтан бір адам шығып қорғайды.
2. Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (Қара бұлттарға түрлерін оқушылар шығып жазады)
3. «Балалық шақ зорлық-зомбылықсыз» болуы үшін не керек.(Қара бұлттарды көк бұлттармен ауыстыру)
Оқушылар үшін бүгінгі тәрбиелік сабақ мазмұнды әрі пайдалы болды деп айта аламыз.

"МЕНІҢ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ДЕГЕН ҚҰҚЫҒЫМ", "МЕН ӨЗІМЕ ҰНАҒАНДЫ САЛАМЫН"

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары аталмыш тақырыпта суреттер салып, әлеуметтік желілерге орналастырды. Оқушыларға бұл тақырып ерекше әсер қалдырды десек те болады. Шамамен, елуге жуық суреттер бала жүрегінен, бала қылқаламынан туындай келіп, бәрімізге астарлы ой тастады. Суреттерге қарай отырып, оқушыларымыздың таланттарына ғана емес, ішкі ойларына үңілуге тырыстық және балаларымызға "балалық шақтың бал сәтін" бақытпен өткізсе екен деген ниетімізді білдірдік...

5- 11 сыныптар арасында «Біз бақытты баламыз», «Біздің құқығымыз» және т.б. тақырыптарда бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Бүгін 20 қараша №63 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып аралығында Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара дәріс түрінде жүргізілді. Дәрісті Қоғамдық қорының заңгері Крашинина Александр Барисовна оқыды. Дәріс барысында оқушыларымызды бүгінгі Бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтай отырып, сонымен қатар Кез келген қоғамның өз ережелері болатындығы туралы айтып, Бала құқықтары туралы Конвенция аясында түсініктеме беріліп, оқушылармен талқыланды

Дүниежүзілік балалар күні(20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған « Балалар үшін бірге» атты тұжырымдамасы

2019 жыл-Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы екені баршамызға аян.Мектебімізде Дүниежүзілік балалар күніне(20 қараша)және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын атап өту мақсатында « Балалар үшін бірге» тақырыбында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.10 сынып оқушылары арасында «Мен және менің құқықтарым» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел,мектеп психологымен бірлескен «Бала құқығы-бұл ересектердің құқығы» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.

«БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ!»

Бүгін 20 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясын қабылдаудың 30 жылдығын, ратификациялаудың 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Балалар үшін бірге» тақырыбымен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына мектебіміздің 11-сыныптары қатыстырылып, сынып жетекшілері тарих пәні мұғалімдері Мизамбеков Қанат Өмірзақұлы мен Алиева Ғалия Шариповна өткізді. Оқушыларымызды бүгінгі Бүкіләлемдік балалар күнімен құттықтай отырып, Бала құқықтары туралы Конвенция аясында түсініктеме беріліп, оқушылармен бірге талқыланды. Оқушылар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқықтарын жақсы деңгейде білетіндіктерімен ерекшеленді. Қанат Өмірзақұлы оқушы мен мұғалім арасындағы сыйластық, құрмет аясында да болған оқиғаларымен бөлісіп, Ғалия Шариповна тарапынан қойылған оқушы құқығы аясында қойылған сұрақтарға жауап алынып, сынып сағатының мазмұны ашылды.

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында
Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығы

11-18 қараша аралығында мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы өтеді.

Өткізу міндеттері:

-Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

- шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету

- дарынды студенттерді анықтау

- әлемге адамгершілік - эстетикалық қатынасты тәрбиелеу.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны