11-15 қараша аралығында жаратылыстану пәндерінің апталығының ашылуы болды. Апталық барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Белсене қатысқан оқушыларға алғысымызды білдеріміз!

Мектебімізде бүгін Дүниежүзілік балалар күніне (20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын атап өту мақсатында «Балалар үшін бірге» тақырыбында бір қатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Нұр – Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы полиция Басқармасы ЖПҚБ ЮПБ полиция инспекторы Бескембирова Агиля Болатқызы 10-11 сынып оқушыларына бала құқығы, сенім телефондары «150», «111» туралы дәріс оқыды. Тыңдалым соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сондай – ақ «Бала құқығы – адам құқығы», «Заң әлеміне саяхат» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Мектебіміздің 7- ші сынып оқушыларымен «Балалар бақытты балалық шақ үшін!» тақырыбында флеш – моб ұйымдастырылды. Мектеп психологы Ш.Куспанова мен мектеп инспекторы Р.Берекетова бала тәрбиесіне байланысты ата – аналарға жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға байланысты 21 қараша күні мектебімізде «Мен және менің құқығым» тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы ауданы» полиция басқарамасы, Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Қуанышұлы және мектептің тарих пәні мұғалімі Мэлс Қайырбекұлы Дүниежү

20 қараша күні 5 «К» сыныбында «Біз бақытты баламыз» атты тәрбие сағаты өткізілді.
20-қарашада 7-Е сыныбында "Біздің құқықтарымыз" атты сынып сағаты өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары арасында 2019 жыл 21 қарашада «Оқушылар сарайында» өткізілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Parasat-2019» қалалық зияткерлік турнирінің күзгі сериясының ақтық кезеңіне шыққан №52 мектеп-гимназиясының «Зияткер» командасы жүлделі І орынды иеленді.
№38 мектеп-лицейінде 20 қараша Дүниежүзілік балалар күні мерекесі қарсаңында мектеп кітапханашылары Қ.С.Сарина және Г.А.Турежанованың ұйымдастыруымен «Менің атым Қожа» кітабының авторы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығаршылылығы туралы тусінік бере отырып өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, адамгершілікке және патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымовпен кездесу өтті.
21.11.19г. в КГУ «Вечерняя (сменная) школа №39» был проведен Единый урок на тему «30-летие принятия, 25-летия ратификации Республикой Казахстан Конвенции ООН о правах ребенка и Всемирного дня ребенка «Вместе ради детей». Гость мероприятия юрист ОФ «Право» Кожахметов Е.А. провел беседу с учащимися 11 класса о правах детей в РК.
20 қараша №38 мектеп-лицейінде Дүниежүзілік балалар күні және
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы
қабылданғанының 30 жылдығы мен
ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ" іс-шаралар жоспары негізінде мектеп оқушыларына "Заңдар әлеміне саяхат", "Балалар бақытты балалық шақ үшін!" тақырыптарында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру болатын. Бұл мақсатқа жетуде сынып жетекшілер ойын, пікірталас, дебат түрін пайдаланып, ата-аналар да өз тараптарынан бала құқығы туралы сөз сөйледі.

15 қарашада №14 МГ «Кітап оқу – бақыттың кілті» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

"Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" 20 қараша күні 10 "А" сынып оқушыларымен "Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын" тақырыбында мектебіміздің психологі С.Б.Нурмаханова тренинг-сабақ өткізді. Оқушылар тақырыпқа аса маңыздылықпен көңіл бөліп ойларын ортаға салып талқылады. Әрбір бала өз ата -аналарымен тату-тәтті өмір сүруге құқылы деп оқушылар пікірлерін білдірді. Золық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Тренинг соңында сауалнама алынып, жасөспірімдердің зорлық-зомбылық және оның алдын -алу туралы ойлары мен ұстанымдары зерделенді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны