"СҰЛУЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТТЫҢ АСТАНАСЫ" ҮII ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Сырбай Мəуленов атындағы 37 мектеп-лицейiнiң талантты оқушыларының бiрi Жақыпбаева Аяна "Сұлулық пен таланттың Астанасы" ҮII қалалық байқауына қатысып, ɵз ɵнерiн кɵрсеттi. Нəтижесiнде III дəрежелi дипломмен марапатталып, эстрадалық вокал бойынша ɵзiндiк деңгейiн кɵрсетiп келдi. Аяна қазақ, қырғыз əндерiн дəрiптеп жүрген талантты оқушы. Болашағынан зор үмiт күттiретiн шығармашыл оқушымыз бен ɵнерге жанашырлық танытып жүрген жетекшiсi Перизат Əлтɵреқызын бүгiнгi жеңiстерiмен құттықтай отырып, ɵнер жолында жетiстiктер тiлеймiз.

Сейсенбі күні бірінші сыныптар арасында «Бұл көңілді жануарлар» сыныптан тыс іс-шара викторинасы өтті . Балалар «Қояндар», «Аюлар», «Түлкілер» және «Қасқырлар» болып 4 командаға бөлінді. Жарыстың 1-кезеңі: балалар өз командаларының атын таңдайды (Команда капитаны жануарды бет-әлпетімен көрсетті, ал оның командасының балалары ойластырылған жануарды табу керек)

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ халқының төл тарихын тың көзқараспен зерттеуге жол салып отыр. Ұлы даланың айрықша қырының бірі – атқа міну мәдениеті. Осыған байланысты №65 мектеп – гимназиясы 2019 жылдың 19 қазан күні «Ұлы дала өркениеті - атқа міну дәстүрі» тақырыбында жаңа жобаның тұсауын кескен болатын. Қазіргі таңда оқушылар арасында атқа міну мәдениетін насихаттау мақсатында, 9-10 сынып оқушыларына «Шабандоз» клубы құрылды.

Күтілетін нәтиже: 1. Иппотерапия

2. Оқушылар атқа міну мәдениетін меңгереді.

3. Ат әбзелдерін орнымен пайдалана алады.

4. Ат күтімін үйренеді.

5. Оқушыларды ат шаруашылығына, кәсіпкерлікке баулу.

№65 мектеп – гимназиясы мен «QAZANAT» туристік ат спорты клубы арасында ынтымақтастық жөніндегі МЕМОРАНДУМ-ға отырды. Біздің балаларымыз осы ипподромға айына 2 рет бара алады, бағасы 2000 тг. Балалар мектептен шығатын арнайы автобуспен барады. Автобустарды бізге тегін ұсынып, демеушілік көрсетіп, қолдау көрсеткен ЖШС «SCHOOLBUS» А.В. Ни мырзаға ерекше алғыс білдіреміз!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы және Нұр-Сұлтан қаласы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» аясында «Ғасырлар тоғысындағы руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция мақсаты – Алаш зиялыларының есімін және олардың тағылымды мұраларын жұртшылыққа кеңінен насихаттау, бүгінгі заман талаптарына лайықтай отырып, қолданысқа енгізудің жолдарын талқылау.
23 қараша күні «Үркер» шағын ауданында спорттық хоккей алаңының ашылуы болды. Атаулы іс-шараға № 69 мектеп – гимназия әкімшілігі және оқушылары қатысып, ашылу салтанатына өз үлестерін қосты. Алаңша Жастар жылы айдарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Есіл» ауданы әкімінің аппараты «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып салынған. Алаңша көшелік тренажерлер орналастырылған, балалар ойнайтын және спорттық алаңдарының кешені болып табылады. Кішкентай балалар үшін ойын зонасы, үлкен балалар мен ересектер үшін тренажерлер және жыл мерзіміне байланысты футбол мен хоккей ойнайтын алаңы қарастырылған.
ЭКОКВЕСТ – 37

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Қайта өңдеуге» («Vпереработку») экологиялық бастамалар аясында 7-8 сынып оқушыларымен экоквест ойындары өткізілді. Экоквест ойыны 8 нүктені қамтып, оқушылар экологиялық бағыттағы түрлі тапсырмаларды орындады. Қызықты сұрақтарға жауап беріп, қағазбен қызықты тапсырмалар жасады. Экологиялық бағыттағы қызықты экологиялық көріністер қойылды, оқушылардың өз шығармашылықтарынан туындаған рэп-әндер айтылды. Квест-ойын қызықты және тәрбиелік мәні бар ойын ретінде оқушылардың естерінде қалды деп есептейміз
АУЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін 22 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушылары аула тұрғыны Гиреева Назигуль Еркиновнамен бірге «Қоқысты сұрыптап жинаудың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбын талдау барысында сынып жетекшілері Х.М.Дюсетаева мен Б.К. Апитова мектебімізге 2017 жылдың қаңтар айынан бастап енген «Қоқысты сұрыптап жинау» экологиялық жобасымен таныстырып, бұл жұмыстың жалпы қалай орындалатынымен таныстырды. Оқушылар мектеп дәлізіндегі, әрбір сыныптағы осы шараның орындалу қызметі туралы өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел оқушыларымыз бен бүгінгі қонағымыз үшін пайдалы әрі маңызды болды деп айта аламыз. Себебі сұрыптап жинау тек мектепте немесе белгілі бір мекемелерде жекелеп жүзеге асырылмай, барлық қала тұрғындары атсалысатын іс деп түсінеміз. Сонда ғана табиғатымыз, қоршаған ортамыз тазарып, экологиялық мәдениетіміз жоғарылай түспек!

НАШАҚОРЛЫҚҚА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ...
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 22 қараша күні 10-сынып оқушылары үшін Есірткімен Күрес Басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ә.Қибатқызымен кездесу өткізілді. Ғасыр дертіне айналып отырған есірткіге тәуелділіктің зияны туралы түсіндіру жұмысын өткізе отырып, өз тәжірибесінде болған бірнеше оқиғалармен бөлісті. Сондай-ақ, фото, видео материалдар көрсете отырып, оқушыларды нашақорлық пен есірткінің алдын алуға шақырды. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, «нашақорлық – аурудың бір түрі, бірақ адам емделудің орнына өзін адам ретінде мүлде жоғалтатыны» туралы айта отырып, жоғары сынып оқушыларына ескерту жасады. Лекция оқушылар үшін өте пайдалы әрі мазмұнды болды.

«ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР АЯСЫНДАҒЫ ЭКОСУМКАЛАР...
Бүгін 22 қараша күні «Қайта өңдеуге» экологиялық бастамалар шарасына Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 5-сынып ата-аналары да қатысып, өз үлестерін қосты. Технология пәні мұғалімдері Жанерке Қазыбайқызы мен Дәметкен Нағашыбайқызы аналарымызға экологиялық табиғи сумкалардың жасалу жолын көрсетіп, шебер-сынып ұйымдастырды. Экосумкалардың ешқандай зияны жоқ материалдардан жасалып, ұзақ мерзімде қолданылатыны туралы да қосымша мәлімет берілді. Ата-аналар бұл сумкаларды өз қолдарымен жасап, түрлі әдемі моншақтармен безендіріп, пайдалы дүние жасап шығарды. Кез келген керексіз деген дүниеден пайдалы дүние жасап шығару аналарымызға ерекше әсер қалдырып, болашақта қолданатындықтарын жеткізді.
Пайдалы іске белсенділік танытайық, құрметті ата-аналар!
МУЗЫКАЛЫҚ ЭКОБАТЛ – 37
22 қараша күні «Қайта өңдеуге» («Vпереработку») экологиялық бастамалар аясында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің әнсүйер жастары музыкалық экотабл шарасын өткізді. Он шақты жастардан құрылған шағын ансамбль «Туған елім» әнін бірге орындау арқылы «туған жер», «туған ел», «Қазақстан» тақырыбын дәріптеді және бүгінгі экологиялық бастамаларға әнмен үн қосты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны