Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.11.2019

«Қазақ халқының көшбасшысы -Елбасы».

28.11.2019жылы 3 «Б» сынып оқушыларымен  тұңғыш президент күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Тақырыбы: «Қазақ халқының көшбасшысы -Елбасы». Сабағымыздың мақсаты: Ұлт  көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз  мемлекет болып қалыптасыу мен  дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаянымен таныстырылып, Елбасы туралы шағын бейне жазба  көрсетілді. Қызықты сұрақ-жауаппен оқушылар мерекелік іс – шараны атап өтті. Сынып жетекшісі: Жакупова Ботагоз Мырзалиевна

29.11.2019

қалалық «Шахмат» турнирі

27-28 қараша күндері «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы және № 69 мектеп –гимназиясының ұйымдастыруымен қалалық «Шахмат» турнирі өткізілді. Турнирге 1-4 сынып оқушылары және Нұр – Сұлтан қаласы мектептерінен 16 команда қатысып, бақ сынасты.<br />Турнир қорытындысы бойынша 1 орын – математикалық мектеп, 2 орын - № 59 мектеп – гимназиясы, 3 орын - № 81 мектеп – гимназиясы иеленді.

29.11.2019

Брифинг

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-НЫҢ ӨКІЛІ НУРМАНОВ АЛТАЙ НУРЛАНҰЛЫМЕН БРИФИНГ ӨТТІ.

29.11.2019

Қажымұқан ауылындағы №4 орта мектебімен 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті күніне бірлескен іс-шарада 8 “А” сыныбы

Қажымұқан ауылындағы №4 орта мектебімен 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті күніне бірлескен іс-шарада 8 “А” сыныбы

29.11.2019

1 желтоқсан «ЕЛБАСЫ-ЕЛ ТІРЕГІ» атты мектепішілік іс- шара

<p>Мектебімізде 1-11 сыныптар аралығында «ЕЛБАСЫ-ЕЛ ТІРЕГІ» атты Республикалық бірыңғай ашық сабақтар өтті. Сабақ барысында оқушыларға Елбасы өмірбаянынан үзінділер айтылып, видеороликтер көрсетіліп, Елбасының сүйікті әндері шырқалды. Тәуелсіз қазақ елінің ертеңі, болашағы жас ұрпақтың қолында екенін бүгінгі өрендер жете түсінгендей. Бойындағы жалындаған от пен отансүйгіштік қабілетімен ертеңгі күнге нық сеніммен қадам басарына  үмітіміз зор...</p>

29.11.2019

№72 мектеп-лицейінде 2019 жылдың 29 қараша күні Қазақстан Республикасы «Қазіргі Қазақстан Елбасшы Көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаты өтті.

№72 мектеп-лицейінде 2019 жылдың 29 қараша күні Қазақстан Республикасы «Қазіргі Қазақстан Елбасшы Көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаты өтті.

29.11.2019

Мектебімізде жоспар бойынша бастауыш сыныптарының онкүндігі өтіп жатыр.

Онкүндік аясында барлық сыныпта ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары өтілуде. Мұғалімдер заман талабына сай білім, білік, дағдыларын ортаға салып, өз тәжірибелерімен алмасуда , керемет озық, жаңа идеяларымен бөлісуде. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында игерген әдістерімен жаңашыл мұғалім екендіктерін дәлелдеп келеді.

29.11.2019

1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай, "Айбын" президенттік полкінің запастағы полковнигі Ахтанов Қамбар Қинаятұлымен кездесу өтті.

1 желтоқсан Тұнғыш Президент күніне орай, "Айбын"  президенттік полкінің запастағы полковнигі Ахтанов Қамбар Қинаятұлымен кездесу өтті. Кездесуде Тұңғыш Президент еңбек жолы айтылып, сарбаздар тарапынан мерекелік ән-шашу шашылды.

29.11.2019

БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

2019 жылдың 29 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне орай 1-4 сынып оқушыларымен

29.11.2019

«Тәуелсіздіктің нұры - тұңғыш елбасы»

2019 жылдың 28 қарашасында № 48 мектеп-лицейде «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш елбасы» тақырыбында барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларды  ұлтжандылыққа, рухани  адамгершілікке, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің акт залында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының оқутушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген  Садықұлы қонаққа келді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  өмірі  мен  шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер, балалық шақтағы өмір жолынан бастап ,ел басқаруға дейінгі басып өткен әрбір кезеңдері туралы айтылды. Ерінбей еткен еңбегі  мен төккен тердің зая кетпейтіндігін ,әрбір  жасаған бейнеттің, зейнеті болатындығы жөнінде  бейнебаян көрсетілді. Оқушыларымыз тұңғыш Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екендігін, сонымен қатар елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан дара тұлға екенін түсінетіндері, елбасы жайлы қойылған әрбір сұрақтарға жауап бергендерінен көрінді. Осындай игі істер жалғасын таба берері сөзсіз.


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны