«ЕЛБАСЫ КҮНІНІҢ» ЕРТЕҢГІ ЖАТТЫҒУЫ
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Тұңғыш Президент» күні барлық сыныптарда таңертеңгі «Қайырлы таң!» жаттығуларын жасаумен басталды. Жаттығу дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен қазіргі таңда еңбек тәжірибесінен өтіп жатқан Гуманитарлық колледж студенттерінің қатысуымен жасалды.
Күннің дәл осылай сергектікпен басталуы жас ұрпақтың санасын салқындатып, ойын өрістетуіне ерекше әсер берері сөзсіз.
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР ЖИЫНЫ
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде мектебіміздің жоғары сыныптары үшін «Тұңғыш Президент» күні мерекесіне орайластырылған оқушылар жиыны өткізілді. Оқушылар жиыны әнұранмен бастау алды. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З.Алимова оқушыларды еліміздің басты мерекелерінің бірі – Елбасы күнімен құттықтап, білімді де тәрбиелі ел азаматы болуға шақырды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Төлеуова «Қымбатты оқушылар, бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел болашағы. Сіздер қазіргі таңда оқып, білім алып, өздеріңізді дамыта отырып мектеп абыройын көтерсеңіздер, ертең осы қасиеттеріңізбен ел абыройын көтеретін боласыздар. Біз еліміздің бейбіт өмірімен мақтана аламыз, бейбітшілігіміз тек баянды болғай» дей отырып, айтулы мерекемен құттықтады.
"ЕЛI СҮЙГЕН, ЕЛIН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ"
Сырбай Мəуленов атындағы 37 мектеп-лицейi "Мектеп-ТВ" жобасының оқушылары "kazrio.kz - жас өркен" – білім мен қабілетті дамыту орталығы қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен Үздік деп танылып I ДƏРЕЖЕЛI ДИПЛОМ иелендi. Түсiрiлген фильмнiң авторы 10-сынып оқушысы Қайсарова Томирис пен "Мектеп-ТВ" жобасының жетекшiсi Нұрлан Алтайұлы. Жетекшi ретiнде Нұрлан Алтайұлының шəкiрт тəрбиелеудегi бiлiктiлiгi мен ɵз жұмысына деген сүйiспеншiлiгiнiң бүгiнгi нəтижесiмен шын жүректен құттықтаймыз.
«ҚАЗАҚСТАН КӨШБАСШЫМЕН БІРГЕ»
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне орай бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 1-4 сыныптарда «Елімнің тұңғыш президенті», 5-7 сыныптарда «Қазақстан көшбасшымен бірге», 8-11 сыныптарда «Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы сынып сағаттары аясында оқушыларға Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсете отырып, қасиетті Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дәріптелді. Сынып сағаттары барысында бастауыш сынып оқушылары интеллектуалдық ойын түрін қоса отырып, ел тарихы мен өмірін есте сақтаса, жоғары сынып оқушылары дебат, ток-шоу, лекция форматтарында өткізіп, бейнетаныстырылымдар мен фильмдер арқылы қазақстандық патриотизм, елдік, ұлттық келісім, белсенді азаматтық ұстаным туралы нақты пікірлер қалыптасты.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 7-сыныптардың қатысуымен "Ұлт көшбасшысы" тақырыбымен ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының прологы тақырыптық бейнефильммен басталып, елбасының ел игілігі үшін жасаған еңбектерін саралаумен жалғасын тапты. Оқушылар "президент" сөзінің шығу тарихын талдап, "Балалық шағымның аспаны" фильмі аясында пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, оқушыларымыз елбасының өздері білетін нақыл сөздерінен үзінді оқып, балалық түсініктерін білдірді. Елбасына арналған өлең шумақтары айтылып, сүйікті әндері орындалды. Қорытындысы қазақтың киіз үйіне негізделді. Кішкентай киіз үй - оқушының шағын әлемі, үлкен киіз үй - бейбіт мемлекет ретінде оқушы назарына ұсынылып, шәкірттердің қорытынды пікірлері тыңдалды. Оқушылардың өз бетімен ізденудегі, ойын сенімді әрі таза жеткізудегі деңгейлері жоғары дәрежеде болды. Мазмұны терең әрі жан-жақты сынып сағатын ұйымдастырудағы біліктіліктері мен ізденістері үшін әріптестеріміз Гүлмира Жарқынбекқызы мен Гульнар Ораковнаға алғыс білдіреміз.

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕРІНЕН...
29 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің кітапханасында «Елбасының елеулі еңбектерінен» тақырыбымен елбасы қаламынан туындаған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қорынан 50-ге жуық еңбектері қойылып, тарих пәні мұғалімдері Сауле Убанова мен Меруерт Рахимжанованың түсіндіруімен жүзеге асырылды. Көрме жоғары сынып оқушыларының, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Елбасының мемлекеттің даму жолдары үшін жазылған еңбектері мен ел тарихын зерттеулері тыңдарман назарына ұсынылып, әр кітаптың қысқаша мазмұны туралы сөз қозғалды.
Тұңғыш Президент күніне арналған акция өтті.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны