№69 мектеп-гимназиясында мұғалімдерге арналған коучинг өткізілді. Коучингті Бибигүл Еркінқызы, Айжан Шермуханбайқызы және Нұрман Бағила Төлеуқызы өткізді. Коучинг бірінші және екінші деңгейлік курс бітірген ұстаздардың ұйымдастыруымен өткізілді. Жаңартылған білім беруге көшуге байланысты, ұстаздардың алдында жаңа мәселелер кездесе бастағаны түсінікті. Бұл оқушылардың жаңа талаптарға бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтармен байланысты. Сонымен қатар ұстаздардың арасында да жаңартылған бағдарламаға бейімделу жүріп жатыр. Әсіресе деңгейлік курсты өтпеген және жас ұстаздарға әдістемелік көмек қажет. Осы коучингтің мақсаты: ұстаздың мектептегі көшбасшылық қасиеттерін анықтау, ұстаздар көшбасшылығы арқылы мектепті дамыту, оқушылардың білім деңгейін көтеруде білімдерін тиімді пайдалану. Коучинг соңында көшбасшылық қабілеттерін анықтайтын тест орындады.

«Үздік мәдениеттілік- ол спорт, шынығу мен денсаулық!» атты Жалпыреспубликалық акциясы аясында мектепішілік спорт күні өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар таңғы жаттығумен бастап, мектеп ауласын екі айналым жүгіру, шаңғымен жарыс, мектеп ішінде волейбол, баскетбол, футбол ойындары және ұлттық ойындар арқан тартыс, бес тас, білек күресі, тоғызқұмалақ, шахмат ойындарынан сыныптар арасында жарыстар өтті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары берілді. Далада шаңғы тепкен, жүгірген оқушылар мен мұғалімдер ыстық бауырсақ пен ыстық шай ішіп, өзара көңілдерін көтеріп, жарыстарға белсене қатысты. Мектептің «ЖасҰлан» ұйымы флешмоб өткізді. Бүгінгі күн мектептегі әрбір адамға керемет көңіл күй сыйлап, достық қарым-қатынас нығайғанына сенімідіміз. Осындай игі шаралар көп болғай!

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай бүгін мектебімізде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаттар мен кездесулер өтті. Елбасының отбасылық өмірі, саясаттағы жеткен жетістіктері, елімізге сіңірген еңбектері, көшбасшылық қасиеттері тағыда басқа өзекті тақырыптарды оқушылар мен мұғалімдеріміз ортаға салды. Жоғарғы сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері бастауыш сыныптарға, бастауыш сынып мұғалімдері жоғарғы сыныптарға өзара тәрбие сағаттарға қатысып, керемет тәрбиелік мәні бар сабақтарға куә болды. Сонымен қатар, мектебіміздегі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын «64-те қонақта» жобасы аясында кездесу кеші өтті. Бүгінгі қонағымыз елордамыз салынғалы бері құрылыста талай жыл құрылысшы болып жұмыс істеп, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, қала бойынша құрылысшылардың кураторы ретінде еңбек етіп жүрген Қыдыров Кенжебек Бериккараұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында оқушыларымыз көкейтесті сұрақтарын қойып, қызықты ақпараттарға жауап алды. Кеш қонағы барынша шынайы жауап беріп,өзінің қызықты оқиғаларымен бөлісті. Болашақта өзі сияқты құрылысшы , архитектор болғысы келетін оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,бүкпесіз ашық сұхбат жүргізді. Оқушылар өздері жасаған тұрғын –үй макеттерімен таныстырды.

Тәуелсіз еліміз, көрікті қаламыз туралы әндер шырқалды. Кездесу соңында бүгінгі күннен алған әсерімен бөлісіп, оқушыларымыз Кенжебек Бериккарұлыны алғысын білдірді. Кеш қонағы өзіне ұнаған сұрақ иелеріне сыйлықтарын табыстады. Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.

Мереке аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі, Айдын Президенттік полкі запастағы полковник Ақтанов Қамбар Қинайтұлы сарбаздарымен келіп, патриоттық тәрбие беру мақсатында 10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қатардағы жауынгерлер оқушыларға әскери өмір туралы айтып, Айдын Президенттік полкі туралы видео роликтер көрсетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сарбаздар оқушыларға өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын табыстады. Кездесу өте керемет өтті.

Жалпы, бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған ашық сабақтар мен кездесулер оқушылар үшін есте қаларлықтай өтті. Ел ертеңі - жастардың қолында. Жастардың бойына патриоттық, рухани адамгершілік тәрбиені сіз бен біз бойларына сіңіріп, болашақта ел қорғандары болатындарына сенімді болайық!

«Нұрсұлтан Назарбаев-халықтың Президенті» атты және Тұңғыш Президентке тарту көрмесі ұйымдастырылды
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған қалалық "Балауса суретшілер" байқауы өтті
«27 мектеп аруы» атты мектепшілік сұлулық байқауы
«Спорт және дене шынықтыру - бұл ең жақсы мәдениет!»
30 қараша күні мектебіміздің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байулова Гүлназия Сабырқызы, география пәнінің ардагер-ұстазы Шоқатова Ғалия Шүкенқызы, шебер-педагог Ермаганбетова Гүлшат Борисқызы ҚР Ұлттық музейінде "Қазақ География" республикалық қоғамдық бірлестігінің V сьездіне делегат болып қатысты.

Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу, өскелең ұрпақты өз халқын, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге, өмірдің жоғары жауапкершілігі
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны