Меню KDT

Новости

Главная Новости

07.12.2019

"Əкеммен əдебиет əлеміндемін"

Бүгін мектебімізде "Əкеммен əдебиет əлеміндемін" атты әке мен баланың қатысуымен мектепішілік сайыс ұйымдастырылды.

07.12.2019

Абайлаңыз балалар

«Абайлаңыз балалар» атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу аясында «№31 мектеп-гимназиясында» Нұр-Сұлтан "ЖПП-мен бірлесіп, Байқоңыр ауданының полиция бөлімінің аға лейтенанты Усович Илья Сергеевич пен ОЮП УПИ полиция майоры Каржаспекова Бахытгуль Нурмухановнамен бірлесіп "жол жүру ережесін үйренеміз"  тақырыбында іс-шара жүргізілді.

07.12.2019

"Рухани жаңғыру"

"Рухани жаңғыру"  бағдарламасы аясында №38 мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сағитова Айгүл Әнуарбекқызы мен Құрманғалиева Марал Әділбекқызы Нұр-Сұлтан қаласының №43, 57, 64 мектептерімен бірлесе отырып, 2019-2020 оқу жылына арналған МASTER ART жобасының ашылуын "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында өткізді. Шараға қаламыздың белгілі мүсіншісі Аманжол Мүкенов,  киім дизайнері Жаннур Кунанбаевна, фотограф Сарвар Юсупжановичпен қатар "Рухани жаңғыру" жобалық кеңесінің басшысы Үкібай Әбдуманапұлы қатысып, бастау алған шараға сәттілік тіледі.

07.12.2019

"Руханият"

6 желтоқсан күні Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" орталығының қолдауымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Абайтанушы Омар Жәлелмен кездесу өтті. Кездесу соңында оқушылар толғандырған сұрақтарына жауап алып, рухани азық алды.

07.12.2019

"Мерейлі мектебіме 20 жыл"

Алтын ұя мектебіміз, №38 мектеп-лицейдің 20 жылдық мерейтойы аясында өткізілген 20 игі іс-шараның ең ауқымдысы ата-аналар мен мектеп мұғалімдеріне арналған "Мерейлі мектебіме 20 жыл" мерекелік концерті жоғары дәрежеде өткізілді. Мерекелік концертке мектеп ата-аналары, ұстаздарымен қатар мектеп түлектері келіп, мектеп қабырғасынан алған тәрбие мен білімнің арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті.  Мереке барысында ұстаздықтық ұлылығына жеткен ардагер ұстаздар "Ұлағатты ұстаз" мәртебесін иеленіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мектеп дамуына үлес қосқан ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

06.12.2019

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ.

АҚЫН АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВПЕН КЕЗДЕСУ
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде еліміздің ең елеулі мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру мақсатындағы «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыс ақтаңгері ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаймен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ақынмен жүздесе отырып, өмір мен өнер, жастық шақ пен жаңа заман, ұлттық тәрбие мен ел бірлігі жайында әңгіме тарқатылды. Ақынмен сырласу тыңдарманын қияға алып шығып, қанаттандырды. Оқушылар Аманжол Әлтайдың «Кешірім», «Тоқтар ағаға» , т.б. өлеңдерін оқып, көкейде туындаған сұрақтарын да қойды. Оқушылар тарапынан «Бала күніңізде кітапты көп оқу тілдік қорыңыздың жетілуіне септігін тигізген шығар. Мектепте әдебиеттен тек «беске» оқыдыңыз ба? Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма? Өнердегі алғашқы жеңісіңіз қандай? Айтыскерлерден кімдерді бағалайсыз?Айтыста қарсыласына жол беру дәстүрін сізден көрдік. Жол беру азаматтыққа тән мәрттік пе?» секілді сұрақтарға күлімсірей жауап берген ақынның бойынан азаматтығы көзге ұрып тұрды.
Кездесу кешінің соңына қарай қонағымызға «ауылдың алты ауызынан» қолқа салынып, 10-сынып оқушысы Ибрагим Ерболаттың кеш бойы салған «Ақын бейнесі» тарту етілді.
Кештің оқушылар үшін маңызы зор, мазмұны терең дүние ретінде есте қалары сөзсіз. Осындай шараны ұйымдастыруда әдебиет пен сөз өнерінің қадірін білер әріптестеріміз Айгүл Шаяхметқызы мен Ботагөз Абылқасымқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.

06.12.2019

«№ 12 балабақша – бастауыш мектеп» кешені» КММ-де 2019-2020 оқу жылына жоспарланып өткізілген іс-шаралары

«№ 12 балабақша – бастауыш мектеп» кешені» КММ-де 2019-2020 оқу жылына жоспарланып өткізілген іс-шаралары

06.12.2019

«Интеллектум» сайыс сабағы

«Интеллектум» сайыс сабағы
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбие мен білімді қатар алуы керек. Баланың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулитын сабақтар ойындар көмегімен жүргізіледі. Бүгінде әлемнің 17 елінен 32 ойын түрі таңдалған. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың интеллектісі осылай тез дамиды. "Интеллектум" ойындардың ерекшелігі қазіргі заман талабына сай балаларды жаңаша ойлауға бейімдейді. Ойындар көрнекі ойлауға, жаңаша ойлауға, ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген. "Интеллектум" ойыны арқылы оқушы өзіне деген сенімін арттырып, ашық та зерек болып өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, баланың зейінін, ойлауын әрекетін дамытады; тапқырлыққа жетелейді; білім және білік дағдыларын қалыптастырады. Міне осыларды ескере отырып, ұстаздар қауымы баланың үнемі жан-жақты дамуына ықпал жасап отырады. 8Е сынып оқушылары арасында мұндай логикалық ойлауға, дағдыларын дамытуға, тәрбиеге байланысты сабақтар үнемі жүргізіліп отырады. Сондай кезекті «Интеллектум» сайысы 8Е сынып жетекшісі Алдажар Гүлжан Жиениқызының ұйымдастыруымен өтті. Оқушылар үнемі қызығушылық, белсенділік танытады. Бұл жолы да әдеттегідей оқушылар қызығып, белсенді болды. «Болашақ бүгінгі ұрпақтың қолында», - дегендей болашағынан үміт күттіретін мықты азаматтар мен азаматшалар осы білім ордасынан ұшып шығады деген сенімдеміз.

06.12.2019

Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы

Желтоқсан айының 6 жұлдызында Поэзия патшайымы, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай гимназиямызда еске алу кеші өткізілді. Ақынның өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау мақсатында өткен кездесуге ақынның көзін көрген, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі, Фариза Оңғарсынованың "Күйші Дина" спектаклінде Жантолы рөлін сомдаған актриса Исабекова Бақыт Арғынғазықы, «АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» фильміндегі АНА рөлін сомдап, «Үздік әйел адам рөлі» номинациясын иеленген Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы және Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық театрының жас әртістері БОЛАТ ҚОБЫЛАНДЫ, ЕРСІН АЙТМҰҚАШ келіп қонақ болды.
Кеш барысында 6 сынып оқушылары ақынның АНА, әйел тақырыбына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, Мұқағали ақынның "Фариза" әні домбырада орындалып, хор ансамблінің патриоттық әні мен биші бүлдіршіндердің өнерлері қонақтарды тәнті етті.
Театр актерлеры Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығының жаңа қырлары туралы, өмірдегі болмысы мен естеліктері туралы мазмұнды әңгіме өрбітті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кеш соңында жас актерлар гимназия оқушыларының сұрауымен ән айтып, поэзия оқыды. Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі өскелең ұрпақтың жүрегінде сақталады деп сенеміз. Мәңгілік ғұмырын бастаған ақын даңқына бәріміз бас иеміз.

06.12.2019

SHARE жобасы

Нұр-Сұлтан қаласы əкімшілігі, Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен, серіктес 5 мектеп Ұлыбритания еліне SHARE жобасы аясында Іс-əрекеттегі зерттеуінің Action Research алғашқы қадамдарын оқып үйренуге, тəжірибеге енгізуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруға UNIVERSITY OF CAMBRIDGE Faculty of Education, BOTTISHAM VILLAGE COLLEGE, SAWSTON VILLAGE COLLEGE келді. Оқу үдерісінде мектептің құндылыққа бағытталған жалпы көзқарасы, миссиясы, мақсаты, рефлексивті орта құруы мен ой, тəжірибе бөлісуі тереңдетілген оқу мен білімді ізденуде , зерттеуде екендігін нақтылап берді.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны