Меню KDT

Новости

Главная Новости

11.12.2019

Отан жолымен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отан жолымен» өлкетану жобаларының қалалық сайысында «Тарих тереңіне» бағыты бойынша ІІ орын иеленген 6 - сынып оқушысы Бейсембаева Аяулымды  құттықтаймыз!

Дайындаған география пәнінің мұғалімі Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлына Алғыс айтамыз!

11.12.2019

"Lesson study - оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі" тақырыбында серіктес мектептер арасында өткен семинар

2019 жылы 11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы № 52 МГ КММ "Lesson study - оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі" тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар өтті.

11.12.2019

Патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу сайысы

№63 мектеп –гимназиясында 11 желтоқсан күні 1-11 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңына орай патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Сайыстың мақсаты: Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік, осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу болды. Осы сайыта оқушыларымыз әнде айтып, биде билеп, өлеңде оқыды.

11.12.2019

«Do you know the history of Kazakhstan?»

11 желтоқсанда ағылшын тілі пәні мұғалімдері  Хусаинова Р.С., Альжапарова Р.М. жетекшілігімен 10-сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде викторина өткізілді.Тақырыбы: «Do you know the history of Kazakhstan?» Викторина 20 сұрақтан тұрады . Оқушылар ағылшын тілін және тарихи фактілерді  өте жақсы білетіндіктерін көрсетті.Барлық қатысушыларға рахмет!

11.12.2019

"Жас Ұлан", "Жас Қыран"

11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы №43 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті." Қабылданатын оқушылар "Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Мектептің ұланбасы бастаған өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары және "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері "Атамекен " әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне тас белгілерін қадап берді. Мектеп директоры Шолпан Казкенқызы сөз сойлеп "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымдарына қабылдағандарды құттықтап, тілеген айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі "Жас Ұланның" әнұранымен аяқталды.

11.12.2019

Республикалық би конкурсы

8 желтоқсан күні Шымкент қаласында өткен Республикалық би конкурсына мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Адамова Жанель қатысып, H-2 соло сейшн санаты бойынша жүлделі І орынды иеленді!
Жанельді жеңісімен құттықтаймыз,алдағы уақытта бағындырар белестерің биік болып, жеңіс тұғырынан көрінуіңе тілектеспіз.

11.12.2019

«Жасұлан»

№29 орта мектебінде 11.12.2019 күні Салтанатты түрде жиын өтті. Мектеп ішінде «Жас ұлан» ұйымына 5«А», 5«Б» 5«В» 5«Д» 5«Г» сыныптар, «Жасқыран» ұйымына 2«А»,2«Ә»,2«Б»,2«В»,2«Г»,2«Д»,2«Ж»,2«Е»,сынып оқушылары қабылданды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны