№63 мектеп-гимназиясы Сіздерді республикамыздың тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтай отыра мерекелік іс-шара өткізді!
Кемел келешекке бет түзеген, тәуелсіз елдің ақ таңы әрдайым арайлы болсын, болашағы баянды, аспаны ашық, әр жылы табысты болсын

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" АТТЫ АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ КӨРМЕ БАЙҚАУЫНА

63 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Ықылас Айбота қатысып ІІ-орынға ие болды.

Жетекшісі:Солтан Гүлмира

63-мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Мирғали Әди қатысып белсене қатысқаны үшін сертификатымен марапатталды.

Жетекшісі: Оразова Гүлбахрам Садуовна

Тәуелсіздік күніне сынып сағаты
Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғым.
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.
Ел болып шырқар – басты әнім,
Ел болып жырлар – дастаным.
Бір өзің десем, артық па?
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ!
Міне, осындай ұранмен 5 «Ә»сыныбында Дариға Оспанқызы Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Тәуелсіздіктің қадірін білуге және құрметтеуге үйрету, Ұлт патриоты болуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар өздерінің елге деген сүйіспеншіліктерін, еліміздің дамуына қандай үлес қосып жатқандарын
айтты.
Сабақтың соңында «Атамекен» әнін зор құрметпен орындалды.

ҚР "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай, үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнирі өз мәресіне жетті.

"Назар аударыңызң,балалар!" Жол Қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың қатысумен жолдардағы апаттылықты азайту, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатының тиісті алдын алу мақсатында 2019 жылдың 09-13 желтоқсан аралығында Нұр-Султан қаласында "Назар аударыңызң,балалар!" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс шара аясында Нұр-Султан қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Айтбек Эльмира Айтбекқызы өткізілді.
12-желтоқсан мектебіміздің 8-9-сынып оқушыларының қатысуымен "Тəуелсіздік жəне Əбіш Кекілбаев"атты тақырыпта жазушы,ақын,қоғам қайраткері Ə.Кекілбаевқа арналған дөңгелек үстел өтті. Оқушылар Əбіш ағамыздың өмірі жəне шығармашылығы туралы ой бөлісті,пікір алмасты.Жетекшілік еткен:қазақ тілі мен қазақ əдебиеті пəні мұғалімдері:Бекмуханбетова Г.Р.Файзулина Б.Б.

Қалалық Фариза оқуларында сахналық қойылым номинациясы бойынша 9-сынып оқушылары Сейілханов Асанәлі және Жұмаділдә Әсел Бас жүлде иеленді. Сурет номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Оспан Мөлдір жүлделі 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз.

Акцияның ауқымды сипаты туралы “Код сағаты” әлемнің 180-нен астам елінде өтеді.
Мектебімізде 13.12. 2019 ж. (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына байланысы 10 сынып оқушыларының қатысуымен (дөңгелек үстел) іс-шарасы өтті. Іс – шараға 43 оқушы қатысты. Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, шығармаларынан үзінді келтіре отырып, мағанасын ашуға, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 5 сынып оқушыларын Жасұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Қабылданған оқушылар мектебіміздің озат оқушылары болуына тілектеспіз.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны