2020 жылдың 5 қаңтарында «Өнер шоқжұлдыздары» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Байтерек Star» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының І халықаралық фестивалі өтті. Фестиваль аясында хореография, халық биі номинациялары бойынша № 48 мектеп-лицейдің «Шашу» халықтық ансамблінің 8-9 жас санатындағы мың бұралған «Асылай тобы» Гран-при ұтып алды. Жетекшісі Тауржан Рахатұлы мен репетитор-хореограф Мира Кенжигалиевнаға қажымас қайрат, талмас талап, мұқалмас жігер, қайтпас қажыр тілейміз.
"Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен 6 қаңтар күні қала мектептерінің арасында шаңғы жарысы болып өтті. Жарысқа мектебіміздің мұғалімдері қатысып үздік нәтижелер көрсетті.
<p>Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада нәтижесі Қалалық кезеңінде 14 оқушы қатысып білім бәйгесінде ІІ орын -1, ІІІ орын- 6.</p>
«Мектеп тәжірибесіндегі зерттеу» мектепшілік кәсіби даму курсы өз жұмысын жалғастыруда.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны