ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Бүгін мектебімізде жалпыреспубликалық бірыңғай іс – шара негізінде «Адалдық сағаты» Парасаттылық тақырыбында лекция өтті. Сабақты агенттіктің өкілі Казкенов Аслан Бектасович өткізді. Сабаққа 9-11 сынып оқушылары, барлығы 150 оқушы қатысты. Сабақ барысында оқушыларға адалдық, жемқорлық тақырыбында ақпараттар берілді, кері байланыс ретінде сұрақ – жауап алмасты.

Нұр-Сұлтан қаласында А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде тойлау мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы Даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында «Абай әлемі» қалалық байқауы өткізілді. Байқау «Абайдың ғибраты» Абайдың қарасөздерін жатқа оқу номинациясымен Анур Мөлдір дипломмен марапатталды. «Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы бойынша Елубай Ерасыл ІІ орын , Елубаева Гүлшат ІІІ орын, Цой Луиза ІІІ орындарға ие болды, «Талаптың мініп тұлпарын» номинациясына Еркебай Айзада, Хайролла Толқынай, Галимулина Рината дипломмен марапатталды.

Жетекшілері: Мырзахметова Ж.Д., Кожахметова Ж.К., Бигожина Б.О., Жусупова М.М., Кабдирашова А.К.

Бүгін, 2020 жылдың 16 қаңтар күні, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының өкілі, діни теолог Ережепов Сәбит Азимбекұлы, Ел тыныштығын, тұрақтылығын және де бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қазақстандағы теріс ағымдағы көзқарас және қоғамдағы қауіп-қатер» тақырыбында, №65 мектеп–гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.

Қалалық мектептер арасында өткен білім сайысында мектебіміздің мәртебесін арттырып, абыройын асқақтатқаны үшін жоғарыда аты аталған оқушыларға алдына қойған мақсаттары жүзеге асып, өмірде білім шыңына өрлей беруіне тілектеспіз!
2020 жылдың 15 қаңтарында Басқару колледжінің 20 жылдығына орайластырылған және «Туризм менеджменті және қонақ үй шарашылығындағы бизнесті дамыту» кластері аясында Басқару колледжі "Бригантина" экологиялық-туристік клубының әкімшілігі және басшысының атынан "Шұғылданушылар" туристік клубтарының Республикалық слетін өткізді.
Облыстық Қазақ күрес жарысына Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысты Олар: Елебаев Орынбек.Камкенов Даниял 9-сын. Қуаныш Дархан 8-сынып. Елебаев Орынбек. пен Камкенов Даниял облыс . чемпионы атанып, Республикалық сайысқа Ақтау қаласына путевканы ұтып алды .Оқушыларымызды толағай жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, Республикалық жарыста жеңіспен оралуға тілектеспіз.
Бүгін №65 мектеп – гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті» бөлімін негізге ала отырып жүзеге асырылып жатқан «Салтың - санаң, ғұрпың - ғұмырың, дәстүрің - дәулетің» жобасының І жартыжылдық бойынша есеп беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды жобаға ынталандыру, қызықтыру мақсатында kahoot ойыны ойнатылып, жобаның мақсаты мен өзектілігі айтылды.Іс- шара соңында оқушыларға тәжірибелік (практикалық) сабақтан үзінді бейнебаян көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ақпараттық-идеологиялық кешені. Мекеме кітапхананың, архивтің, музейдің, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығының қызметін атқарады.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны