Меню KDT

Новости

Главная Новости

17.01.2020

ҚМЖ жасау бойынша оқыту семинары

Пән мұғалімдеріне ҚМЖ жасау бойынша оқыту семинары болып өтті. Семинардың мақсаты сабаққа дайындалу барысында ҚМЖ жасаудың тиімділігін арттрыу, ауызша және жазбаша кері байланыс беру, алу.

17.01.2020

Профессор, филология ғылымдарының докторы Серік Негимовпен кездесу.

15.01.20ж. - №14 МГ оқушылары Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына арналған әдеби кешіне қатысты.

17.01.2020

"Адалдық сағаты"

Бүгін мектебімізде "Адалдық сағаты " өтті.

17.01.2020

Пед.кеңес.

11.01.20ж. №14 МГ  «Көптілділік заманауи білім беру  басымдықтарының бірі: шындықтар мен келешегі» тақырыбында  Педагогикалық кеңес өтті.

17.01.2020

"Рухани жаңғыру"

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Master art" жобасының жоспары бойынша #38, 43, 57, 64 мектеп оқушылары "КАЗАРТ"  Қазақстан көркем комбинаты" ЖШС-дегі мүсіншілердің шеберханасында болып, осы мекеменің бас директоры Шаймарданов Сапар Амангельдинович оларға мүсін үлгілерін, мүсіннің жасалу жолдарын,  мүсін өнерінің айрықша туындыларын таныстырып, мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейтті. Мүсін өнерінің маңызы мен қоғамда алатын орнын біле отырып, оқушылар мүсінді орындау технологиясын көруге мүмкіндік алды.

17.01.2020

№38 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына қабылданды.

№38 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына қабылданды. Мерекелік шарада мектептің ардагер ұстаздары мен озат тәжірибелі ұлағатты ұстаздары оқушыларға тілектерін білдіріп, галустук пен төсбелгі тағу құрметіне ие болды. 5-сынып оқушылары өз кезегінде оқуда үздік болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін адамгершілігі мол, тәрбиелі, шығармашыл оқушы болуға ант қабылдады.

17.01.2020

Биылғы жылда мектебімізде үлкен мереке.

Биылғы жылда мектебімізде үлкен мереке. Сонау 1999 жылы іргетасы қаланған біздің мектебіміз бүгінде 20 жасқа толып отыр.

20 рет алғашқы қоңырауы мен 20 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған, бірі хакім, бірі ғұлама болған шәкірттері қаншама. Осындай шәкірттер мен оларды тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарға арналған «Сарқылмас білім байлығы, тәлім мен таным қонған жер» тақырыбында мерекелік іс-шара мектебімізде жоғары деңгейде өтті. Шараға алғаш мектеп іргетасын қалаған Жамал Базарқұлқызы мен еңбек еткен мұғалімдер және ардагер ұстаздар қатысты. Сұхбаттасудан басталған шара мерекелік концертпен жалғасып, мектеп директоры Камила Кәрімбердіқызы мектеп дамуына үлес қосып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ерең еңбек етіп жатқан ұстаздарды мерекелік медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

17.01.2020

Адалдық сағаты

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ...
17 қаңтар күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларымен бірге «Жастар» театрының директоры, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Ернар Құрбанбекұлымен адалдық сағаты өткізілді.
«Парасаттылықтың бастауы – отбасыдан, мектептегі мұғалімнен басталады» дей келе, Ернар Құрбанбекұлы ішкі тазалық, кіршіксіз өмір сүру туралы өмірлік мысалдар келтіре отырып, оқушы санасына «адалдық» керемет ұғымды қалыптастыра алды. Үлкенге құрмет, әлсізге көмек, досқа сыйластық туралы туралы түсіндіре келіп, қызғаныштан аулақ болуға шақырды. Бүгінгі жастардың парасаттылығы қоғамда, ортада, үйде көрінген сайын елдің елдігі арта түсетіні туралы пікір білдіре отырып, оқушыға ой сала білді. Бүгінгі адалдық сағатының мазмұны терең, астарлы, мәнді болғанын айта келіп, Ерлан Құрбанбекұлына алғысымызды білдіреміз.

17.01.2020

«ПАРАСАТТЫЛЫҚ» деген не? АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Мейірімділік, адалдық, әділеттілік, сенімнен басқа, парасаттылық басқаларға деген адалдықты қамтиды, бірақ қатал шындық емес, өйткені бастысы - біреудің сезімдеріне зиян тигізбеу. Парасатты адам сатқындыққа, зұлымдыққа, агрессияға және басқа да өнегесіз әрекеттерге, сезімдерге қабілетті емес. Ол өз әрекетінде парасаттылық қағидалары мен жақсылық ережелерін қолданады, мысалға:
• Досыңмен бөліс
• Адамдарға көмектес
• Әлсіз адамды қорға
• Қызғанба
• Өзгелердің қателіктерін кешір.
Осы пікірдің төңірегінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№53 мектеп-лицей» КММ-де «Парасаттылық деген не?» атты адалдық сағаты ұйымдастырылды. Оған ҚР Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары - Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы, мектеп директоры –Киянова Замзагул Ертаевна және ұстаздармен 8-11 сынып оқушылары қатысты.

17.01.2020

Адалдық сағыты

17 қаңтар күні "Адалдық сағаттары" атты бірыңғай республикалық акция негізінде "Адалдық-асыл қасиет"  атты іс-шара өтті. Іс шараның мақсаты оқушыларға адам бойындағы адалдық пен адамгершілік қасиеттің құндылығын ұғындыру, адам өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой-пікірлерін кеңейту.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны