Қаңтардың 18 жұлдызында 38 мектеп-лицейде филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қайырбек Кемеңгерұлымен кездесу болды. Бұл ғалым Алаш ардақтысы Қошмұхамбет Кемеңгерұлының ұрпағы екенін айта кеткен жөн. Жиын барысында қаламгер Мағжан Жұмабайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты да тың деректерді айтып, оқушылардың әдебиетке, сөз өнеріне деген құрметін арттырды. Мағжан өлеңдері - әр қазақтың көкірегіне жалын, от, жігер берері сөзсіз. Сондықтан оның мұрасын насихаттау - біздің міндетіміз. Ұйымдастырушы: "Жас алқа" жетекшісі Біржан Ахмер
2020 жылдың 17 қаңтар күні «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназия» КММ-де «Парасаттық дегеніміз не?» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына адалдық сағаты өтілді.
Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек үкіметтің ғана емес, әркімнің міндеті болуы керек ...» деген болатын. Осы мақсатта мектебімізде «Адалдық сағаттары» атты сынып сағаты өтті.

Қаңтар айының 16 жұлдызы күні №48 мектеп-лицейінде тәжірбиелі ұстаз Момынқұлова Алтын жас мамандарға арнап шебер сынып сабағын өткізді. 8-сыныпта Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы бойынша өткен сабақ жоғары бағаланды. Сабақ мақсатына жетудегі әдіс-тәсілдердің дұрыс таңдалуы, оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, оқырмандық қабілетттерінің жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді. Мұғалім баланың тіл байлығын дамытумен қатар, адами құндылықтарын да қатар қалыптастырған. Ұстазға жас мамандарға көрсеткен көмегі үшін мың алғыс айтамыз!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн мектебімізде өткізілді. Мектеп директоры

Мурзатаева Ж.Т. жолдаудаудың нақты бағыттарына тоқталып, әріптестермен ой бөлісті. Президентіміздің Қазақстан халқына арналған жолдауы елімізді айрықша толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешімін көрсетуімен құнды екенін айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімдері Сабитов О.О жолдаудағы«Тиімді шағын және орта бизнес - қала мен ауылды дамытудың берік негізі» бағытына өз пікірін білдірсе, Молдыбаева А.Ж «Жастар саясатын жүзеге асыру. 2020 жыл-еріктілер жылы» басты жұмыстарына тоқталып, ойларын
нақты дәлелдермен толықтырды.

2020 жылдың 17 қаңтар күні «Зейд» Демалыс орталығында әлеуметтік серіктес базасында «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» кластерінің жоспарын жүзеге асыру аясында «Мамандық шеруі» конкурсы өткізілді.
Республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңіне Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінің бес оқушысы әр түрлі номинацияларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: 10 сынып оқушысы Семей Мөлдір "Білгірлер" номинациясы 1- орын, 9- сынып Есенгелді Гүлдаурен "Жас қаламгер" номинациясы 2- орын, 7- сынып Нурызқұлова Айкен "Сөз шеберлері" номинациясы 2- орын, 8-сынып Қазыбай Айзере "Білгірлер" номинациясы 3- орын. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, облыста аудан намысын қорғайтын Семей Мөлдірге сәттілік тілейміз.

Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 17 қаңтар күні 9-сыныптарға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігі мен бірлесе отырып, жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы №24 орта мектепте өткізілген

«Адалдық сағаты» іс-шарасы

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны