Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістері» атты тәжірибелік семинар болып өтті. Оған мектебіміздің химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші - Сайлиханова Манат Бахытовна «Effective methods of integrating English into the natural science subjects through CLIL» тақырыбында қала мектептерінің ұстаздары үшін коучинг өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

21 қаңтар күні 9 «Г» сынып оқушылары «Менеджмент және бизнес» колледжінің ашық есік күнінде болып қайтты.

«Жаратылыстану математика» цикл онкүндігін математика пәні мұғалімі Ахметбекова Қ.А. 6-шы сыныптар арсында «Ода числу 7» атты математикалық ойынымен ашты. Жанкүйерлер арасындағы сайыс, топтар сайысы өте қызық болды. Сұрақтар цифрлар даму тарихына, оқушылардың мәселе ой-өрісінің дамуына, шығармашылық белсенділік танытуға және тез арада дұрыс шешім қабылдауына бағыттылған. Әсіресе, ойын аяғындағы «Қазақстанның жеті ғажабы» презентациясы оқушыларды аса қызықтырды.

Қыз бала гигиенасы

Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейінде ай сайын қыз бала тәрбиесіне қатысты іс-шаралар өткізіп тұрады. Жеке бас гигиенасы қыз баланың өмірінде ең маңызды мәселе. Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі – тазалық. Осы орайда бой жетіп келе жатқан жеткіншектерге дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында 20-сыншы қаңтар күні мектебімізде геникологтармен кездесу өтті.

Адалдық сағаты

2020 жылдың қаңтардың 21 күні

№ 64 мектеп-лицейінде парасатты жастарды тәрбиелеп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» іс-шарасы өткізілді. 8-9 сыныптың 456 оқушысы шараға қатысты. Арнайы біздің мектепте қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының өкілі Бақжан Перизат дәріс оқыды. Дәрісте толықтай жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мәселелері түсіндірілді. Өткен шараның тәрбиелік мәні мен берер тағылымы мол болды. Оқушылар ойында жүрген сұрақтарына жауап алды. Дәрісті тек оқып бермей, сұрақтар арқылы өрбітті. Парасатты адам қоғамның дамуына үлкен орын алатыны айтылып, тәлімдік мәні зор болды. Осындай игі шаралар жастардың адал, шынайы, әділ шешім қабылдайтын тұлға болатынына көз жеткізуге болады.

2020 жылдың қаңтар айының 21 жұлдызында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің онкүндігінің ашылу салтанаты атап өтілді. Онкүндіктің мақсаты кәсіптің беделін арттыра отырып, шығармашыл және болашағы кемел білім алушыларды айқындау болып қала бермек.

Бүгін 2020 жылдың қаңтардың 21 күні Сырбай Мәуленов атындағы #37 мектеп - лицейінде бастауыш қазақ сыныптарының жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1."2019 - 2020 оқу жылының 1 жартыжылдығы оқу - тәрбие жұмысы және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері".
2."Оқушылардың тұлғалық құзыреттіліктерін қосымша білім беру бағдарламалары арқылы дамыту".
3."Білім беру мекемесінің кешенді қауіпсіздігі-оның табысты жұмыс істеу шарты ".
Бастауыш оқу ісінің меңгерушісі Курсанова Бақыт Қабылдақызы биылғы оқу жылында жеткен алғашқы мектеп оқушыларының жетістіктерімен, балалардың олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға қатысу тиімділігімен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектептегі жағдаймен бөлісті және қылмыстың алдын - алу жөніндегі жауапты бөлімдерінің жұмысына талдау жасады. Сонымен қатар ата-аналарға бюджеттік қаражатты бөлу туралы, білім беру мекемесін дамытатын инновациялық жобалар туралы есеп берді. Мектеп жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі - қосымша білім беру. ШЖҚ МКК-ға көшу біздің мектеп оқушыларының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік берді:білім беру қызметтері мен шығармашылық технологиялар акедемиясы ашылды. Академия көптеген қызмет түрлерін ұсына алады: күндізгі топтардағы сабақтар, жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту, шығармашылық және спорттық үйірмелер. Бұл жұмысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлеуова Гүлжан Дәрібайқызы ерекше атап өтті. Мектептің қауіпсіздігі ата - аналар жиналысында көтерілген кездейсоқ емес, бұл оқу орнының табысты жұмыс істеуінің басты және негізгі шарты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ергалиев Хайдар Қайриполлаұлы мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар туралы айтты. Ата - аналарға #37 мектеп-лицейіндегі қауіпсіздік жүйесі туралы Mektep - TV тобы жасаған видео көрсетілді. Ересектер болмаған кезде қауіп - қатерге душар болған бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздігіне және ата - аналардың балаларына бейтаныс адамдармен, сондай - ақ төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін үйрету қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Тұсаукесерде қолданылған бейнематериалдар мектептен тыс балалардың қауіпсіз еместігін және балалардың қауіпсіздік шаралардың оқытуда ата - аналардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігін айқын көрсетеді. Әрбір ата - ана мен әрбір мұғалімнің міндеті - баланы қауіпті жағдайда қалмауға көмектесетін сақтық шараларына үйрету. Жиналыс соңында ата - аналар мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Жазбаша қалдырған ұсыныстар мен сұрақтарына кері байланыс болатынын хабарландырылды. Бақыт Қабылдақызы жиналысқа қатысқан ата - аналарды мектеп әкімшілігінің атынан алғысын білдіре отырып, ынтымақтастықта, бірлестікте жұмыс істеуге шақырды.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы тақырыбында іс-шара өтті
«Әкелер одағының» конференциясы
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны