21 қаңтар күні №3 мектеп – гимназиясының барлық сыныптарында «Мен оффлайн» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

2020 жылдың 22 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия үшін 8 «Ә» сынып жетекшісі Кубенова Ляззат Маратовна оқушыларымен бірге барды. Экскурсияны өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайының жетекшісі Камелова Куралай Туяковна жүргізіп, оқушыларды өрт сөндіру бөлімінің құрылуы мен даму тарихымен таныстырды. Өрт сөндіру бөлімінің әкімшілігі мен экскурсия жетекшісінің кәсіпқойлығы және өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік тәртіп негіздерін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ризашылығымызбен шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
2020 жылдың 21 қаңтарында №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өткізілді.
2020 жылдың 22 қаңтар күні «Catering service» кластерін іске асыру аясында «Еуропалық тағамдардағы заманауи тенденциялар» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабақты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледж» МКҚК арнайы пәндер оқытушылары Шакиева Н. А. және Хижинская А.А. ұйымдастырды. Шеберлік сабаққа «Кейтеринг» мамандығы бойынша оқуды өткізетін «Catering service» кластерінің құрамына кіретін колледждердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары және колледж студенттері шақырылды.
Бүгін Нұр-сұлтан қаласы 48 мектеп-лицейде "Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың инновациялық әдістері" тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері мен қала мектебінің ұстаздары қатысты. Тәжірибе алмасу бағытында өткізілген сабақтар мен коучинг қонақтар көңілінен шықты. Мектеп оқушылары белсенділік танытып, білім дәрежесін көрсетсе, ұстаздарымыз оқытудағы жаңаша әдістерімен бөлісті. Биология пәнін ағылшын тілінде жүргізген Ғаини Керимбаевнаға, Назым Ерболқызына және физиканы ағылшын тілде жүргізген Нұрлы Маликовнаға және Нұрпейіс Айдарбекұлына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Шығармашылықтарыңыз шыңдалып, биікке өрлей беріңіздер!
2019-2020 оқу жылғы 21 қаңтар күні жоспарға сәйкес, №69 мектеп-гимназиясының 7-8 сынып қыз балалар арасында әлеуметтік ұстаз Б.Б.Қуанышбекова және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданына қарасты №12 қалалық емханасының арнайы маманы Б.Б.Саткулова бірлесіп «Физиология және жасөспірім қыз балалардың гигиенасы» тақырыбында дәріс өткізді.
«АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ»

2020 жылдың 22 қаңтарында бірінші ауысым оқушылары үшін оқушылардың бойында академиялық адалдықты қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. Бүгінгі дүкеннің ерекшелігі сонда, технология пәнінде оқушылардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдары қойылып, бағасын оқушылармен ақылдаса мектептің аға тәлімгері Ерасыл Тілекұлы шығарды. Оқушылар бұйымдарға қызығушылық танытты, тіпті кейбіреулері «Адалдық дүкені» ережесіне сәйкес сатып та алды.

Ең бастысы, мектеп дәлізінде ашық орналасқан «Адалдық дүкені» ешқандайдай адамның қатысуынсыз, ішкі тазалықпен, сеніммен өтті.
"ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН" АКЦИЯСЫ

Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 1-4 сыныптар арасында "Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбымен шағын көрме ұйымдастырылды. Сурет байқауына қатысатын оқушыларға тапсырма екі апта бұрын үй тапсырмасы ретінде берілді. Бүгін әр сыныптан екі сурет қабылданып, шағын көрме ұйымдастырылды. Алдағы бірнеше күнде нәтижесі белгілі болады.

Мақсатымыз - оқушыларымыздың бос уақытын тек ғаламтормен ғана өткізбей, шығармашылыққа арнай отырып, түрткі болу, ой салу.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны