Меню KDT

Новости

Главная Новости

27.01.2020

"Менің өнерлі отбасым" байқауы

Нұр - Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен 24 қаңтар күні #3 музыкалық мектебінде "Менің өнерлі отбасым"  байқауы өтті. Бұл сайысқа отбасылық дуэт,трио, квартеттер қатысады.

27.01.2020

Біз бірге күштіміз!!!

Осындай ұранмен біздің мектептің ата-аналар қауымдастығының әлеуметтік бастамасы өтті.

25.01.2020

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ (Ата-аналармен, оқушылармен, мектеп түлектерімен өткен акция күнделігінен)

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯСЫ
(Ата-аналармен, оқушылармен, мектеп түлектерімен
өткен акция күнделігінен)
2020 жылдың 25 қаңтарында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Біз біргеміз!» халықтық акциясы аясында мектеп ауласын қардан тазарту жұмысы өткізілді. Акцияға ерікті түрде 150-ге жуық ата-аналар, мектеп оқушылары және мектебіміздің түлектері қатысты. Сағат 11.00-де басталған шараға әкелерімізбен бірге аталарымыз, аналарымыз, барлық отбасымен қатысқан ата-аналарымыз да болды. Мектептің ауласын қардан тазарту жұмысы «жұмылған жұдырықтай» бірлікпен өтті. Ата-аналар тарапынан айтылған: «Мынау керемет бастама екен. Бізге қарап балаларымыз «мектебімді тазалауға мен де барайын» деп үйде отыра алмады. Артымызда патриоттар өсіп келеді» деген пікірлер ұйымдастырып отырған шарамыздың нағыз нәтижесіне айналды. Үйілген қарды тау қопарғандай жым-жылас еткен әкелерімізге, жолды аршып, ерлермен бірге еңбек еткен аналарымызға, салып берген қарды жүгіре жүріп тасыған балаларымызға және «Күрек беріңіз, біз мектеп бітірушілерміз ғой» деп келіп, белсене қатысқан түлектерімізге мектептің барлық педагогикалық ұжымының атынан, мектеп әкімшілігі атынан МЫҢ АЛҒЫС айта отырып, отбасылық бақыт пен берекелі ғұмыр тілейміз!

25.01.2020

"Жанұяда СЕНІМ,СЫЙЛАУ, СИМПАТИЯ /жақтыру,сүйіспеншілік қағидасын /қалай қалыптастырамыз ?" атты ата-аналар жиналысы

Қаңтардың 25-і күні #8 орта мектебінде Жанұяда СЕНІМ,СЫЙЛАУ, СИМПАТИЯ /жақтыру,сүйіспеншілік қағидасын /қалай қалыптастырамыз ? атты ата-аналар жиналысы болып өтті.

25.01.2020

"Ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік тәсіл" коучингі

Бүгін "Дарынды балалар" онкүндігінің жоспары бойынша "Ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік тәсіл" коучингі өткізілді.

25.01.2020

#Бізбіргеміз #еріктілержылы #38мектеплицей

Елордамызда қардың қалың жаууына байланысты мектеп ауласын қардан тазартуға ерікті мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар үлес қосуда #Бізбіргеміз #еріктілержылы #38мектеплицей

25.01.2020

25 қаңтарда 2020 жылы коучинг өткізілді

2020 жылдың 25 қаңтарында биология және география пәнінің мұғалімі С. Ж. Жарасбаев "Педагогикалық конфликтерді шешеміз" тақырыбында коучинг өткізді.

25.01.2020

АЛМАТЫДАН ЖҮЛДЕЛЕР

Алматы қаласында өткен Халықаралық, республикалық М.Мақатаев шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек" байқауында Эстрадалық вокал Еділ Бейімбет БАС ЖҮЛДЕ, Болат Айда І-ОРЫН, Нұрбай Наргиз (кіші топ) І-ОРЫН, Халық әні Нурасилов Жандос ІІІ-ОРЫН, Болат Асанәлі І-ОРЫНМЕН марапатталды. Жетекшісі- музыка пәні мұғалімі Қаракеева Закира Құрманбекқызы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

24.01.2020

МӘУЛЕНОВ МЕКТЕБІНДЕГІ ИГІ ІС...

МӘУЛЕНОВ МЕКТЕБІНДЕГІ ИГІ ІС...

Соңғы бірнеше күн қатарынан жауған қардан қаламыз да, даламыз да қалың қар жамылды. Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің ауласын қардан тазарту жұмысына мектеп басшысы Алмагүл Тлектесқызынан бастап, ерікті түрде барлық педагогикалық ұжым мен мектептің кіші қызметкерлері қатысты. «Көп түкірсе көл болады», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген рас екен, ауланы дамылсыз жауған қардан тазарту шарасы ұжымның арқасында біраз жерді еңсеріп тастады. Қар жауып тұрса да, бүгінгі күннің жылылығы біздің жұмыс жасауымызға көмектескендей болды. Таза ауада ұжымның күліп-ойнап, қалжыңдасып, бір-біріне көмектесе жасаған істерінен алған әсерлері мол болды. Биылғы «Еріктілер жылының» алғашқы бастамасы мектебімізде өз ерекшелігімен осылайша басталды.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің ұжымына үлкен алғыс білдіре отырып, бірлігіміз, татулығымыз арта берсін дейміз. «Әрдайым жақсылық жасайық, мейірімді болайық, игі іс әрқайсысымыздың жолымызды аша бергей!» дейміз.

24.01.2020

№48 мектеп-лицейі "БІЗ БІРГЕМІЗ" челенджін ұйымдастырды.

Нұр-Сұлтан қаласы, №48 мектеп-лицейі 24 қаңтар күні мектеп ауласын тазарту мақсатында, сонымен қатар биылғы жыл еріктілер жылын қолдау мақсатында "БІЗ БІРГЕМІЗ" челенджін ұйымдастырды.  Мектеп ұстаздары ауланы қардан тазалап,  өз челенджін №22 және №30 мектепке жолдады.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны