Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.01.2020

Алғыс айтамыз!

Құрметті ата-аналар! Сіздерді  Нұр-Сұлтан қаласы  бойынша өтіп жатқан "Біз біргеміз " акциясына қатысып, мектебіміздің ауласын қардан тазартуға қосқан үлестеріңіз үшін Алғыс айтамыз!

29.01.2020

"Рухани жаңғыру" байқауы

2020 жылдың 29 қаңтар  мектебімізде "Рухани жаңғыру" аясында түрлі іс--шаралар жүргізілуде. Соның бірі қолөнер үйірмесі. Қолөнер үйірмесі жетекшісі Қ. Абжапаров пен А.Бекзан оқушыларға түрлі қолөнер жұмыстарын үйретуден жалықпайды. Оқушыларымыз бен ұстаздарымыз қолөнерден қалалық, республикалық жарыстардан жүлделі орындар иегері атанып келеді. "Рухани жаңғыру" жобасы аясында ұйымдастырылған  "Сәулет өнері болашқта" атты қалалық байқауында І орын иеленген Ержігіт Жақсылық пен ұстазы Бекзан Асылбекті құттықтаймыз.

29.01.2020

Коучинг бастауыш сыныптары

2020 жылдың 23 қаңтарында - З.Ш.Канапина және Ж.А. Жусанбаеваның жетекшілігімен “БЖБ жұмыстарын жасау» тақырыбында коучинг өтті. Мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша коучинг өткізді, коучингтің басында эмоционалды-позитивті қарым-қатынас, топтық жұмыс, жұптық жұмыс және қорытындылау әдістері қолданылды. Әр мұғалім шетте қалмады, барлығы белсенді қатысып, өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар алды. Осындай жағымды және танымдық іс-шара үшін бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!

29.01.2020

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сәулет өнері болашақта!» атты байқауында Гран-при иелендік!

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының қолдауымен «Техникалық шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Сәулет өнері болашақта!» атты байқауы ұйымдастырылды. Қаланың 35 мекемесінен 108 оқушы қатысып, 47 жұмыс қабылданған, соның ішінде мектебіміздің атынан қатысқан 10 «К» сынып оқушысы Бадилов Ерланның жұмысы үздік деп танылып, Гран-при жүлдесін иеленді. Оқушымыз бен оның жетекшісі Абай Қуанышбайұлына кубок пен диплом табысталды және байқауға белсене қатысқаны үшін Абильдин Мадияр сертификат берілді.  Алдағы уақытта Ерланға, Мадиярға және жетекшісі Абай Қуанышбайұлына шығармашылық табыс пен биік белестерден көрінуін тілейміз!

29.01.2020

Мен OFFLINE

Бүгін 29.01.2020ж. Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті.
Негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру болып табылады.
Акция аясында «Халықаралық интернетсіз күн» тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен сынып сағаттары, бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауы, эссе байқауы, «Шынайы әлемде өмір сүре біл»тақырыбында флеш – моб, «Интернетсіз күнді сүйікті хоббиге арнаймын» іс – шарасы өтті.
Мектеп психологтары оқушылармен "Интернетке тәуелділіктің алдын алу, оқушылардың бойларындағы шынайы өмірдегі өздерін тани білу қабілеттерін дамыту мақсатында психологиялық "Қоғамдағы орта және интернетке тәуелді орта" тренинг сабағын жүргізді. Тренинг барысында интернетте мен ойымды ашық айта аламын, қалағанымды жасаймын деген оқушылар өздерінің шынайы өмірдегі, қоғамдағы жақын, жанашыр адамдары, ата-анасы, достары, бауырлары, туған-туыстарының қашанда жүректеріне жақын екендерін, шынайы ортада болса өздерін еркін сезініп, жан дүниелері тынышталатындықтарын айтып, өз ойларымен бөлісті.

29.01.2020

«Абай әлемі-сарғылмас қазына» тақырыбында ашық сабақ сағаты

3-4 сынып оқушылары казак тілінің мұғалімдерімен бірге «Абай әлемі-сарғылмас қазына» тақырыбында ашық сабақ сағатын өткізді.

29.01.2020

Шебер сыныптар

Мектебімізде тәжірибелі ұстаздар мен коучтер мұғалімдерге арнап шебер сабақтар мен коучингтер өткізді. Аптаның әр сәрсенбісінде мектеп ұстаздары бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіп отыр. Тәжірибелі ұстаздарымыз жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтардың өтілу түрлерін көрсетсе, математика пәні мұғалімдері  "Математика сабағында АКТ-ны қолдану" және "Көбейту кестесін оқушыға жаттатқызудың тиімді тәсілдері" тақырыбында шебер сыныптар көрсетті.

29.01.2020

Қайсар рух пен ақиқаттың алып шынары

«Адамзаттың Айтматовы» атанған қырғыз халқының біртуар азаматы Ш.Айтматов  Мұхтар Шаханов жайлы:  «... Мұхтар-қазақ халқының қиын шақта жел өтінде ұстаған,ел ішінде ұлттық батыр қатарында мойындалған қайсар қанат перзенттерінің бірі» деп баға берген. Осындай баға алған Мұхтардай ұлы бар –қазақ елі шынымен-ақ бақытты деп ойлаймын...

28.01.2020

Құттықтаймыз!

9-11 - сынып оқушылары арасында өткен ІІ республикалық Абайтану олимпиадасында үздік білім көрсеткені үшін 10Б сынып оқушысы Қажиахметова Аяулым Грамотамен марапатталды. Пән мұғалімі: Ибраева С.А.

28.01.2020

«Мен-OFFLINE» республикалық интернетсіз бір күн

Заман талабына бүгінде ғаламтор өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды.Қазіргі таңда ғаламторға тәуелділіктің салдарынан адамдардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, тіпті жазу мәдениеті де төмендеп барады. Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Әйтсе де жастарымыз интернеттің жақсы тұсын тиімді пайдаланғаны дұрыс. «Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінің» КММ оқушылары да 26 қаңтар халықаралық «Мен-OFFLINE» республикалық интернетсіз бір күн акциясының бастамасын қолдап, осыған орай іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – жастардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалын қорғауға атсалысу.Сонымен бірге кітап оқуға үндеу, кітапханаға бару, жастардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткізуге баулу. Осыған орай тақырыптық сынып-сағаттары өткізілді. Интернеттің пайдасы мен зиянына байланысты пікірталас, дебат ұйымдастырылып, суреттер, эссе сайыстары өткізілді.

28.01.2020

«Халықтық доп» қозғалмалы ойындар жарысы

«Мен оффлайн» акциясының аясында 5 сынып оқушыларының арасында «Халықтық доп» қозғалмалы ойындар жарысы өтті.

27.01.2020

«ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН» АКЦИЯСЫ

«ҒАЛАМТОРСЫЗ  БІР КҮН» АКЦИЯСЫ
22 қаңтар күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 8-11 сыныптар арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе жазылып, байқау өтті. Эссе байқауына қатысатын оқушыларға тапсырма бір апта бұрын үй жұмысы ретінде берілді. Байқаудың қорытындысын орыс тілі және әдебиеті әдістеме бірлестік жетекшілері  Сауле Аменовна, Айгуль Шаяхметовна, Руслан Тлепович шығарды.
I ОРЫН  - 9 «Ж» сынып оқушысы Сулейменова Амина (жетекшісі – Сауле Аменовна);
II ОРЫН - 8 «Д» сынып оқушысы Хичева Арина (жетекшісі –Сайра Сергазиевна);
III ОРЫН 9 «Б» сынып оқушысы Адамович Анастасия (жетекшісі –Ардак Назымбековна);
IV ОРЫН -  9 «Б» сынып оқушылары Рахматова Санавбар, Ибраев Арман (жетекші –Ардак Назымбековна)  иесі болды.
Мақсатымыз – оқушылыларымыздың  бір күнге ойын басқа да пайдалы іске бұру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғаламторды пайдалану мәдениетін арттыру.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны