Меню KDT

Новости

Главная Новости

31.01.2020

"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы

#8 орта мектебінде "Қазақстан - мейірімділік мекені" атты республикалық балалар бастамасын өткізу мақсатында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы қолға алынып отыр.

31.01.2020

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының қатысуымен «Туризм менеджменті және қонақ үй шаруашылығы» кластерінің аясында  2020 жылдың 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Көпбейінді колледжі «ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

31.01.2020

«26 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күнге» арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында №38 мектеп-лицейде «Мен интернетсіз күнімді қалай өткіздім?» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында суреттер байқауы өткізілді.

«26 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күнге» арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында №38 мектеп-лицейде «Мен интернетсіз күнімді қалай өткіздім?» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында суреттер байқауы өткізілді. Мектеп оқушылары мен мүғалімдері суреттер байқауын қызыға тамашалап, оң пікірлерін білдірді. Сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларға  ғаламтордың пайдасы мен зияны айтылып, ғаламторды пайдалану әдебі үйретілді

31.01.2020

Ата-аналар жиналысы

Жоспар бойынша 30.01.2020 жылы бірінші ауысым, 31.01.2020 жылы екінші ауысым ата-аналарына "Отбасы - тәрбиенің басты ұясы" атты мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс "Тәрбие - тал бесіктен басталады" тақырыбындағы сынып жетекшінің баяндамасымен басталды және күн тәртібіндегі екінші тоқсан бойынша оқу-тәрбие үрдісі, оқушының сабаққа қатысуы, тәртібі туралы әр-түрлі мәселелер талқыланды.

31.01.2020

Ашық есік күні

30-31.01.2020 жылы №69 мектеп - гимназиясында ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Мақсаты мектеппен оқушы мұғалім үштік одағының жұмысын жақсарту.

31.01.2020

Абайтану ғылыми-танымдық орталығы ашылды

2020 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен "Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия" КММ-де бірлескен Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына орай, ақынның ғибратқа толы, ауқымды мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында Абайтану ғылыми-танымдық орталығы ашылды.

30.01.2020

Психологиялық тренинг.

30.01.2020ж. №14 МГ оқушымен педагогикалық этиканы сақтау және физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы психологиялық тренинг өтті.

30.01.2020

"БІЗ БІРГЕМІЗ" челленджін қолдау мақсатында мектеп қызметкерлері, ата-аналар және оқушылардың қатысуымен сенбілік өткізілді

25.01.2020 ж. НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ  «№74 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ республикалық "БІЗ БІРГЕМІЗ" челленджін қолдау мақсатында мектеп қызметкерлері, ата-аналар және оқушылардың қатысуымен сенбілік өткізілді

30.01.2020

« Біз біргеміз!»

25.01.2020 жылы Нұр- Сұлтан қаласы № 29 орта мектеп ұжымы қалалық « Біз біргеміз!» атты экочелленджге қатысып, мектеп ұжымы, тех персонал, мектеп алаңын қардан тазалауға өз үлесін қосты.

29.01.2020

«ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН» АКЦИЯСЫ

"ҒАЛАМТОРСЫЗ БІР КҮН" АКЦИЯСЫ

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, 2020 жылдың 21-22 қаңтар күндері Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 1-4 сыныптар арасында "Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?" тақырыбында шағын көрме ұйымдастырылғанын еске сала отыра, сурет байқауының нәтижесі белгілі болғанын хабарлаймыз:
I ОРЫН  - 4 «Г» сынып оқушысы Хайдар Ділда;
II ОРЫН - 2 «Д» сынып оқушысы Жоров Матвей;
III ОРЫН - 1 «Ә» сынып оқушысы Тілеулес Мирас;
III ОРЫН - 2 «И» сынып оқушысы Шиптенко Игорь.
Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны