Меню KDT

Новости

Главная Новости

06.02.2020

«Нұр-Әлем» ЭКСПО көрмесі

5 ақпан күні мектебіміздің 8 «А» және 10 «А» сынып оқушылары Математика, информатика, физика пәндерінің онкүндігі аясында кәсіптік бағдар алу және жан жақты жаратылыстану – математикалық білімдерін  кеңейту мақсатында «Нұр-Әлем» ЭКСПО көрмесінде болды.

06.02.2020

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Master art» жобасының жоспарлы кездесу, шеберлік сыныбы өтті.

2020 жылдың 5 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы  №64 мектеп - лицейінде  №38, №43, №57, №64 мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Master art» жобасының жоспарлы кездесу, шеберлік сыныбы өтті.

06.02.2020

Bilim Land білім беру саласында

Bilim Land білім беру саласында  жаңа АКТ-ны қолдану бағдарламаларын енгізу бойынша 5 "Г" сынып оқушыларымен А.Байтұрсынұлының "Егіннің бастары" тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар Bilim Land білім беру ресурсынан А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликті көріп, сұрақтар құрастырды.  "Егіннің бастары" мысалының аудио нұсқасын тыңдап, сабақты қорытындылау мақсатында әр оқушы Bilim Land ресурсынан тақырыпқа байланысты тест орындады. Bilim Land білім беру ресурсы сабақты қызықты өткізуге, жаңа технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беруде. Сабақ ерекше, қызықты өтті.

06.02.2020

«Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының «Вокал» және «Ерекше» номинациялары бойынша іріктеу кезеңі

5  ақпан күні №3 мектеп – гимназиясында 1-4 сынып оқушылары арасында дәстүрлі, жыл сайынғы «Жұлдыздардың жарқырауы» байқауының «Вокал» және  «Ерекше» номинациялары бойынша іріктеу кезеңі өтті.

06.02.2020

"Мұқағали Мақатаев жырлайды" атты поэзия кеші

Ақпан айының 6-шы жұлдызы №67 гимназияда "Жас ұлан" ұйымының қолдауымен поэзия мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған "Мұқағали Мақатаев жырлайды" атты поэзия кеші өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты, оқушыларды ақын өмірімен, шығармашылығымен таныстыра отырып, елге, тілге деген сүйіспеншілігін ояту еді.
Кешке гимназиямыздың 8, 9, 10-шы сынып оқушылары қатысты. Сахнада ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, өлеңдері оқылды.
Кеш соңын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қорытындылап, қатысқан оқушыларға гимназия директорының атынан алғыс хаттар табыс етті.

06.02.2020

Табиғатты бірге сақтайық!

Табиғатты бірге сақтайық!

05.02.2020

«КӨҢІЛІМ ЖЫРДЫ ҰҒАДЫ» ЕЛМҰРА ЖАҢАБЕРГЕНОВАМЕН КЕЗДЕСУ...

«КӨҢІЛІМ ЖЫРДЫ ҰҒАДЫ»

ЕЛМҰРА ЖАҢАБЕРГЕНОВАМЕН КЕЗДЕСУ...

2020 жылдың 5 ақпаны Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің өнерсүйер оқушылары үшін тағы бір рухани азық жинап, жан сарайының жадыраған күні ретінде есте сақталды.  Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында «Көңілім жырды ұғады» атты кездесу ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР мәдениет қайраткері, Өнертану ғылымының кандидаты,  «Шабыт» Қазақ  ұлттық өнер университетінің профессоры, жыршы, жырау Жаңабергенова Елмұра Манасқызымен бірге өтті.

Кездесу барысында тыңдарманға ел мұрасын арқалап, келешек ұрпаққа дәріптеп, бойларына сіңіріп жүрген Елмұра Жаңабергенованың шәкірттері – «Ел - мұра» өнер мектебінің өнерпаздары жырдан шашу шашып, кешіміздің сәнін әнімен, биімен, күмбірлеткен күйімен келтірді. Басты кейіпкеріміздің өмірі мен өнері жайында оқушыларымыз көкейлеріндегі сұрақтарымен бөлісті, шынайы бала көңілмен алғыс білдірді. Елмұра жыраудың әкесі Манас атаймен, қазіргі ұрпағымен таныстық және өнерлеріне тәнті болдық. «Ауылдың алты ауызы» орындалып, «қонақ кәде де» жасалды, Елмұра Жаңабергеннің балалар алдына шыққандағы «шашуынан» да дәм таттық. Кездесудің маңыздылығы «мен үшін ең абыройлы атақ – қазақтың қызы болу» деген жыраудың тамаша сөзімен ұштасып жатты. «Қуыс үйден құр шықпа», «Орамал тон болмайды, жол болады» деген халық екенімізді де ұмытпадық. Бүгінгі шараның астарынан рухани жаңғыру мен рухани құндылықтың нағыз үлгісін көріп, жан жүрегімізбен сезіндік. Осы тәрбиелік шарада бізбен бірге болған №52 мектеп-гимназиясының «Оқушылар ұйымына» алғыс білдіре отырып, ел болашағы үшін бірге қадам басамыз деген тілек білдіреміз.

05.02.2020

Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 108 жыл

2020 жылдың 5 ақпан күні Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 108 жыл толуына орай және оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Д. А. Қонаев атындағы колледжге» 9 «Г» сынып жетекшісі Өтепбергенова Гульшара Бағдатқызы оқушыларымен бірге «Тұғыры биік тұлға» атты іс-шараға барды.

05.02.2020

"Өзін-өзі тану"

"Өзін-өзі тану" адамгершілік - рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі мен шығармалары туралы "Балаға жүрек жылуы" атты кітап көрмені кітахана ұйымдастырды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны