Бүгін мектебімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы» тақырыбында әдеби-танымдық бағдараламаның ашылуы өтті. Мектебіміздің өнерпаз оқушылары Абайдың өлеңдерін, даналық сөздерін сахналық қойылыммен жеткізді. Еліміздің темір қазығына айналған Ұлы Абайдың асыл мұраларын өзге тілдерге аударылғанын дәлелдеп, оқушылар орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды.
7 «Ә» сынып оқушысы Жумадиллаев Аян Абайдың образында Ұлы ақынның өлеңдерінің өміршеңдігін көрсетті.

" Wonderfest “ ТЕАТР ӨНЕРІ БАЙҚАУЫ
Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің кішкентай өнерсүйгіш оқушылары бүгін аталмыш байқауға қатысып, 5000 теңгелік сертификат иеленіп келді. Ағылшын тілінде үлкен сахнада қойылым қойып келген бастауыш сынып оқушылары мен жетекшілері Аққу Төлеуханқызына құтты болсын дейміз!

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР
14 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында аталмыш тақырыпта ардагерлермен кездесу болып өтті. Кездесуге Ауған соғысына қатысып, сол оқиғалардың тікелей куәсі болған ардагерлер: Амангелді Ташмуканов, Сәкен Нурушев, Жұмабай Бисенғалиев, Жанайдар Жанабаев сияқты ардагерлеріміз келіп, 150-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Ардагерлермен болған сұхбатта отансүйгіштік, ел үмітін ақтау, ер-азамат намысы, алғашқы әскери дайындық сабағының маңызы мен патриоттық тұлғаның шынайы образы туралы, бейбіт өмірдің қадірі туралы мағыналы әңгіме қозғалды. Оқушылар көкейлеріндегі көптеген сұрақтарға жауап алды, ойланды. Мектебіміздегі бейбіт өмірдің «Жас сарбаздары» өнер көрсетіп, ардагерлер мен сарбаздар сап түзеді, естелікке фотосуреттер қалды. Ал, біз шынайы ниетімізбен ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ та берекеге толы ғұмыр тіледік.

АБАЙ және ҚЫЛҚАЛАМ... Бүгін, 14 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің суретшілері Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Абай бейнесі мен шығармашылығын өз қылқаламдары арқылы бейнеледі.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

13 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінде "Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің жабылу салтанатты кеші өтті. "Өзін-өзі тану: "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" деуге әбден лайықты. Себебі, осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылылықтың дәмін себуге болады. Барлық жақсылық атауын үйрететін пән. Осы өткен онкүндіктің қорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттау өтті. Іс-шараның келесі кезеңінде "Алтын жүрек анамыз" мәнерлеп оқу, "Руханилықтың мөлдір бұлағы" атты эссе байқауларының нәтижесі бойынша l, ll, lll орын алған оқушыларды мадақтау грамоталары табысталды. Марапаттау рәсімін мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимова Зайра Сейлханқызы табыстады. Оқушылардың көңіл-күйлері қуанышқа бөленді. Сонымен қатар өнерлі оқушылар ән шашуларын шашып, флешмобпен іс-шарамызды аяқтадық.
Өндірістік практика аясында 13 ақпан күні сағат 10.30-12.00 аралығында «Астана су арнасы» МКК өндірістік алаңы, сорғы-сүзу станциясының аумағында орналасқан «Су мұражайына» 9 «Д»сынып жетекшісі Убанова Сауле Хаменовна оқушыларымен бірге экскурсияға барды. Мұражай директоры Канопянова Балкия Боранбайқызы және инженер-технолог Досжанова Жанна Жоламанқызы «Су мұражайы» және сорғы-сүзу станциясының жұмысы туралы танымды да қызықты экскурсия өткізді.
Елорда тұрғындары жыл сайын 90 мың текше метр таза, сүзгіленген суды тұтынады... СУ ӘЛЕМІНЕ саяхаттың нәтижесінде оқушылар ағынды суды үнемдеу керек екендігін және су өңдеу инженер-технологі сияқты керемет мамандық бар екендігі туралы ақпарат алды. Оқушыларға экскурсияның соңында естелік ретінде «Водопровод от А до Я» кітапшалары сыйға тартылды.
Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі «Астана су арнасы», Сорғы-сүзу станциясының әкімшілігіне үлкен алғыс білдіреді!
13-14.02.2020 ж. "Білім беруді жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілдерінің қолданылуы" атты ұстаздарға Lesson Study өткізілді. Өткізген ұстазда: Құсайынова А., жақсымбекова А., Жексенбина А. Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуда, бірлесіп оқушыларды жан-жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға бағыттайды.
Күтілетін нәтижесі: Lesson Study тәсілімен танысады, Lesson Study тәсілі арқылы мұғалімдер мен оқушыларға оқу мен оқу сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтармен танысады, өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.
Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы, яғни мейірімді істер мен қоршаған адамдарға көмек көрсету жылы деп жариялады. Және де ағымдағы жыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. №65 мектеп ұжымы Волонтер жылы және ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай #Бізбірдейміз хэштегімен бөлісіп, ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларды қолдау , көмек көрсету челленджін таратуды сұрайды.

2020 жылдың 12 ақпанында №65 мектеп- гимназиясында «QUIZ GAME» атты сайыс мектебіміздің онжылдығы аясында мектеп түлектерінің және ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінен сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: Стандартты емес формалар арқылы ағылшын тілін танымал ету, оқушылардың интелектуалдық қабілетін дамыту, Ұлы Абай мұрасына және оқып жатқан тілге деген құрмет сезімін ояту.

Сайыс 6 турдан және марапаттау кезеңінен тұрды.

Сайысқа жалпы білім беретін мекемелердің №80МГ, №35МГ, №18МГ мектептері шақырылды. Іс-шараға 9-11-сынып оқушылары қатысып, 5 команда кезеңдер бойынша жарысты. Бас жүлде №65 мектеп-гимназиясы, 1-орын-№18 МЛ, 2-орын-№35 МЛ, 3-орын-80МГ иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны