Жоспар бойынша 2-4 бастауыш сынып оқушыларының «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында Ұлы ақынның өлеңдері сюжетіне салынған суреттер конкурсын өткізіліп жатыр.

14 ақпанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай шығармашылығын дамыту, эстетикалық тәрбие беру, өнерге баулу, ата-баба мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, оны зерттеу мақсатында мектебімізде «Абайтану» кабинеті ашылды. Кабинеттің ашылуына орай ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі - Нұрмұқан Жанұзақұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлы, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары - Кәріпбаев Жанбота, Қазақстан Республикасының Білім ісінің үздігі Ы.Алтынсарин медалінің иегері, «Құрмет» ордені иегері Мыңжасарова Төлебике Атығайқызы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры - Алмахан Мұхаметқалиқызы, Білім басқармасының бас маманы - Аманкельдиева Асыл Аманкельдиевна, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы», «Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру» бөлімінің бас маманы - Елембаева Гауһар Арыстанқызы, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі - Халесова Роза Ғарифоллақызы, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші - Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы, Қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог –Хамзина Гүлшат Сабыржанқызы келді.

«Абайтану» кабинетінің ашылуына арналған іс - шара қонақтарын мектепке кірген кезден бастауыш сыныптың 175 оқушысы Абай өлеңдерін жатқа оқып қарсы алып, мұғалімдер ұмымы және жоғары сынып оқушылары Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Іс-шарамыз «Абай даналығы» атты қойылыммен жалғасты. Қойылым барысында оқушылар Абай қара сөздерін жатқа айтып, Абайдың даналы сөздерінен үзінді оқыды.

«Абайтану» кабинетін ашу рәсімі ақын, жазушы, сыншы, Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі Нұрмұқан Жанұзақұлына, «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры Сайлаубай Ерлан Ерназарұлына, Ұлағатты ұстаз, «Абай-Шәкәрім» орталығының меңгерушісі Халесова Роза Ғарифоллақызына, критериалды бағалау бойынша аймақтық үлестіруші Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызына берілді. Қазақ халқының ырымымен Нұрмұқан атамыз батасын беріп, Төлебике Атығайқызы мен Роза Жукашқызы шашуын шашты. «Абайтану» кабинетінде «Абайдың ән әлемі» тақырыбында зерттеу сабағы жүргізіліп, 11-сынып оқушылары Абайдың ән әлемі жайлы дөңгелек үстел барысында қонақтарымызбен пікір алмасты. Сабақ барысында мектебіміздің оқушылары, ата-аналары Абай әндерін орындады. Келген қонақтарымыз оқушыларымызға тілектерін айтып, мектебімізге алғыстарын білдірді.

жəне Ауғанстаннан Кеңес əскерінің шығарылған күнінің 31-жылдығына орай салтанатты іс шара өткізілді.
Жол ережелерін сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында №69 мектеп-гимназиясы 870 дана жарық шағылыстыратын баспаны алынып, 1, 2 және 3 сынып оқушыларына үлестірілді. Бұл күнделікті қолдануға, әсіресе, қараңғы уақытта өте пайдалы.

1 сынып "А" - 32 дана, "Ә" - 32 дана, "Б" - 30 дана, "В" - 30 дана, "Г" - 30 дана, "Ғ" - 29 дана, "Д" - 29 дана, "Е" - 32 дана, "Ж" - 31 дана, "З" - 32 дана, "И" - 29 дана, "К" - 31 дана, "Қ" - 32 дана, "М" - 27 дана, "Н" - 27 дана;

2 сынып "А" - 23 дана, "Ә" - 22 дана, "Б" - 20 дана, "В" - 31 дана, "Г" - 22 дана, "Ғ" - 27 дана, "Д" - 26 дана, "Е" - 20 дана, "Ж" - 21 дана, "З" - 23 дана, "И" - 30 дана, "К" - 24 дана, "Қ" - 25 дана, "М" - 28 дана, "Н" - 23 дана; "Л" - 24 дана; "О" - 26 дана;

3 сынып "А" - 26 дана, "Ә" - 32 дана, "Б" - 26 дана, "В" - 35 дана, "Г" - 23 дана, "Ғ" - 20 дана, "Д" - 23 дана, "Е" - 26 дана, "Ж" - 22 дана, "З" - 23 дана, "И" - 36 дана, "К" - 25 дана, "Қ" - 32 дана, "М" - 27 дана, "Н" - 27 дана;
2020 jylǵy 13 aqpan kúnі saǵat 18.00-de Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda mektepіshіlіk ata-analar komıtetіnіń jınalysy bolyp óttі.
06.02.2020ж. күні «Отбасым менің» тақырыбында фотоколлаж өтті.
31.01.2020ж. күні мектеп ата-аналары, қамқоршылық кеңестің мүшелері, мектеп ұжымының қатысуымен «Ата-аналар жиналысы» өтті.
2020 жылдың 14-ақпаны күні ағылшын тілінде өткен қалалық "Wonder Fest" театр өнері фестивалінде мектебіміздің 6-сынып оқушылары "Үздік актерлік құрам" номинациясын жеңіп алды. Пән мұғалімдері: ағылшын тілі мұғалімдері Құсайынова А.М, Сарсенова А.Б. Жеңімпаздарды құттықтаймыз 👏👏👏

Бүгін 14 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. №65 мектеп-гимназиясында, Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шықанына 31 жыл толуына орай, оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында "Ерлік қашанда елге мұра" атты әскери-патриоттық шара өтті. Ауған соғысы ардагерлері Қуатбеков Совет Абдиевич, Аусаров Мейрам Балтабаевич және Алдажаров Бауыржан Асипович соғыс жайлы мағлұматтар беріп, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейтті. Сарыарқа ауданынын Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары аға-лейтенант Омаров Санат Жұмабекұлы сөз алып ардагерлерді құттықтаған соң, жоғары сынып оқушыларына әскерге жарамдылығы туралы билеттерін табыс етті. "Казахстанская правда" газетінің әскери тақырыптағы корреспонденті Молдабаев Дулат ағамыз ардагерлерге және мектепке жарық көрген авторлық кітаптарын табыс етсе, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Абыкенов Ерасыл Серікұлы оқушыларға кез келген уақытта Отан қорғауға дайын болу керектігін және патриоттық тәрбие беруде ардагерлердін ерлігін үлгі етіп, батыра жүрекжарды сөздер айтты. Сарыарқа ауданы әкімшілігінің білім бөлімі мамандары да өз құттықтауларын білдірді. Қонақтарымыз мерекелік концерттен кейін, 10 сынып оқушылары арасында өткен әскери-спорттық жарысты тамашалап, мектеп басшысы Нұргүл Жақсыбековна жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

14.02.2020

2020 жылдың 14-ақпаны күні №38 мектеп-лицейінде 5-10 сынып оқушылары арасында "Менің роботым" қалалық конкурсының 2-кезеңі болып өтті. Аталмыш конкурс "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "Айбын-2020" халықаралық әскери жиынына дайындық ретінде өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің оқушылары әскери робот құрастырып, финалдық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Бекеева Әсем. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны