Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study - тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы.
Lesson Study - зерттеу жобасының тақырыбын "Жұптық, топтық жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау мақсатында жаңа технологияларды қолдана отырып әртүрлі деңгейдегі оқушыларды қалыптастыру үшін қолдану" -деп таңдадық.

Шығармашыл, жан-жақты ұстаздан білімді де, дарынды оқушылар тәрбиеленіп шығады. Бүгінгі коучингтің тақырыбы: "Ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру жолдары". Коучингті жүргізушілер: Құттыбаева Анар Келдібекқызы және Мырзахметова Майра Айыпхановна. Өмірлерін гүлге айналдырып, қиындықтарын мотивациялық сөздермен жеңетін, ролдік ойындар арқылы мәселелерден жеңіл шығатын креативті ұстаздарды көрдік. Суреттер сөйлесін ендеше💛💛💛

2020 жылдың 15 ақпаны күні Нұр-Сұлтан қаласы "Оқушылар сарайы" МКҚХ ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай "Abai-ult biigi" атты ағылшын тілінен 6-сынып оқушылары арасында өткен қалалық әдеби шығармашылық сайыста мектебіміздің 6-сынып оқушысы Тұрысбек Айтбала жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Қыдырмолдина Меруерт Серікқызы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз 👏👏👏

Бүгін 15 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. Хан Шатыр сауда орталығында, тұрмыстық қалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен "Сарыға таста" экологиялық акциясы өтті. Акцияға мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдады.
2020 жылдың 15 ақпан күні сағат 15 пен 17-00 аралығында «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында экология, геология және табиғи реесурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласның әкімдігі, Оператор РОП ЖШС қолдауымен «Сарыға таста» қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау экологиялық мәдениетін дамытуға арналған акциясы өтті. Акция қонақтары Швеция елшісі, Финляндия вице-елшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, Оператор РОП, мектеп директорлары және оқушылары.
14.02.2020 жылы мектебіміздің 10"Б" сынып оқушылары және сынып жетекшілері Гулшекер Әбілмашқызы "Біз біргеміз!" Акциясы аясында қарт кісілердің үйіне барып ауласын қардан тазартып, көмек көрсетті. Үлкенге ізет білдірген мектеп оқушыларына қариялар ақ батасын берді.
"Тау тұлға" жобасы аясында мектебімізде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері Әділ Ахметов қонақта болды.
14 ақпан 2020 ж Нұр-Сұлтан қаласында "Edustream" халықаралық оқу орталығы мен халықаралық " Express publishing" баспасы бірлесе отырып ұйымдастырылған қала мектептер арасында театрландырылған ағылшын тілінде "Wonderfest" Республикалық өнер Фестивалі болып өтті. Нәтижесінде 78 мектеп - гимназиясының 9-10 сынып оқушылары 3 орынға ие болды. Жетекшісі: АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ИЗЕЙ НҰРЖАМАЛ ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен қалдықтарды бөлектеп жинауға байланысты «Сарыға таста!» экологиялық акциясы аясында 2020 жылдың 15 ақпан күні сағат 14:30-17:00 аралығында «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығына 6 «Г» сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі Ергалиева Файнура Балташевна және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Абильдина Гульбаршын Орынбековна барды.
«Сарыға таста» акциясының мақсаты - тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау жобасын қолдау.
Оқушылар өздерімен бірге үйлерінде жинақтаған пластик бөтелкелер мен макулатура алып келіп, сары контейнерлерге тастады. Акция барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қалай бөлектеп сұрыптауға болатынын және сары контейнерлерге қайта өңделетін қалдықтарды (қағаз, пластик, шыны, алюминий, т.б.), ал жасыл контейнерлерге тағамдық қалдықтарды тастау керек екендігі жөнінде ақпарат алды. Бұл акция оқушыларымыздың экологияға, табиғатқа деген жауапкершіліктің сезінуіне себепші болды!
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны