Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына орай Нұр - сұлтан қаласының 2008 - 2009 жылы туылған ұлдар арасындағы футзалдан ҚАЛА ЧЕМПИОНАТЫНДА 74 мектеп - гимназия 1 орынға иә болды!
АТА-АНАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЛЕКЦИЯ
17 ақпан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 7-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жалпымектептік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, ата-аналарға төмендегідей мәселелер аясында ақпарат берілді:
1. Синтетикалық есірткілерді тарату және дәріханалық нашақорлық мәселелері.
2. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.
Бірінші сұрақ аясында Ішкі
Істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Департаменті басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ваганова Елена Николаевна аталмыш тақырып аясында егжей-тегжейлі сөз қозғап, заман дертіне айналып отырған есірткіге тәуелділік, синтетикалық және дәріханалық есірткі түрлері мен зияны туралы толық ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, мектеп инспекторы, полиция капитаны Әйгерім Рысқожақызы жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқықбұзушылықтарға тоқталып, әкімшілік шара қолдану түрлерімен таныстырды. Мектеп басшысы Алмагүл Тлектесқызы өз пікірін білдіре отырып, ата-аналарды кез-келген мәселені бірге шешуге шақырды.

15 ақпан күні жалпы білім беретін мекемелердің би ұжымдары арасында «Дала өрнектері» байқауы өтті.

15 ақпан күні 7 «А» сынып оқушылары «Сарыға таста!» акциясына қатысты.

"ДАЛА ӘУЕНІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ Бүгін Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында жас ұрпақтың өнерін дамыту мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында "Дала әуені" атты республикалық өнер байқауы өтті. Байқауға Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінен кішкентай әншіміз Азаматқызы Айша қатысып, эстрадалық вокал аталымы бойынша кәсіби өнер көрсеткені үшін ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ иесі атанып келді. Айшаны өнер жолына тәрбиелеп жүрген жетекшісі Перизат Әлтөреқызының еңбегі үшін алғыс айта отырып,шәкірт пен ұстаз қуаныштарына құтты болсын айтамыз!

ЖҰЛДЫЗ" ӨНЕР БАЙҚАУЫ Сырбай Мәуленов атындағы 37 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Құрбанбай Балүміт Халықаралық балалар мен жастарға арналған "Жұлдыз" өнер байқауында Махамбеттің "Ау, Махамбет жолдасым" өлеңін мәнерлеп оқи отырып, ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Балүміттің кішкентай ғана қыз бала болғанына қарамастан, отты ақынның өлеңін азаматқа тән мінезбен оқып шықанын байқадық. Балүмітті үлкен сахнадағы алғашқы жеңісімен құттықтай отырып, "бұлақтың көзін ашып", баптап отырған жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбайқызына алғысымызды білдіреміз.

5-7-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Жас математик» олимпиадасының қорытыңдысы

15 ақпан күні ,64 мектеп-лицейінде ,қалалық «Жас математик» олимпиадасы өткізілді.Бұл интеллектуалдық жарыста 5-7 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың мақсаты:

- оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру;

-оқушылардың танымдыққызығушылығын дамыту және ой өрісін кеңейту;

- талантты және дарынды оқушыларды анықтау

Олимпиада «астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемделдеу орталығының бекітілген өткізу кестесің сәйкес ұйымдастырылады.Олимпиада тапсырмалары «Астана дарыны»мөрі басылған дәптерлерде геометриялық құралдар мен қарындашты пайдалана отырып,көк пастамен орындалады.Әр қатысушы қазақ және орыс тіліндегі тапсырмалар мәтіндерімен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын өткізіліп отырған олимпиадалардың ең басты мақсаты- пәнге деген қызығушылығы және болашақ интеллектуалды жастарды дайындау,білімдерің асыру,алға талпыну.Осындай сайыстар әр оқушыға үлкен мүмкіндік береді,себебі дарынды балалар өз ой-қабілетін серіктестерімен жарыса көрсетеді.Сыныптастары, осы оқушылардың жетістіктеріне қарап,өздері де биік мақсаттарға жетуге талпынады.

Біздің мектептің,7-ші сынып оқушылары :

Шубай Қасымжомарт (3 орынға ие боды)

Салданов Арнур (2 орынға ие болды)

Бұл өте жоғары көрсеткіш.Жетекшілері: Анар Сеилбековна және Галия Сабитовна.Оқушыларды және олардың ұстаздарын осындай үлкен жітсітікпен құттықтаймыз.Алда одан да үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспіз.

"Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді" Қасым-Жомарт Тоқаев.
06.02.2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласының #43 мектебінде "Оқытуда қалыптастырушы формативті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері" атты қалалық семинар өтті.
Аталған шараға серіктес мектеп мұғалімдері атсалысып қатысты.
Семинарды мектеп психологы Темиргалиева К.К. "Саморегуляция психологического состояния учителя" коучингінен бастап жіберді.
Мектептің педагог-шебері, Lesson study тренері Халмурзаева Ж.А. қатысқан мұғалімдермен "Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері" коучинг өткізді.
Педагог-эксперт Ермаганбетова Г.З. 8 "А" сынып оқушыларымен биология пәні бойынша "Типы соединения костей" ашық сабағын жоғары деңгейде бере алды.
Жаңа оқу үрдісіндегі жаңашылдығын тиімді қолданып жүрген физика пәні мұғалімі, магистр дәрежесіндегі Омаров Ж.К. 8 "Ә" сыныпта "Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау" "Series and parallel connection of conductors" сабақты қызықты да, сапалы деңгейге өткізді.
Қатысқан қонақтар, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері семинардың жаңа форматта, теориялық және практикалық жоғары деңгейде өткенін қорытындылады.
Пән апталығы бұл тақырыптағы сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі. 10 ақпаннан бастап № 43 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәндер апталығы басталды. Пән апталығының мақсаты - әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары аясында оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, сонымен қатар оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту. "Орыс сөзі еліне саяхат"атты стенд безендірілді. Кітапханада апта бойы "сенің досың және сөздіктің көмекшісі" және "А. П. Чеховтың мерейтойына"атты көрме жұмыс істейді. Апта "21 ғасыр кітаптарымен" акциясынан басталды. 2-10 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері орыс ақындарының өлеңдерін оқыды. Мектеп линейкасында орыс тілі мен әдебиеті апталығының басталуы туралы жарияланды,оны өткізу жоспары жарияланды. 7-10 сыныптар аралығында оқушылар командаларының қатысуымен квест - ойын, мотокросс жоспарланды, олар үшін мектепте оқытылатын гуманитарлық цикл пәндері бойынша әр жас тобы үшін бейімделген сұрақтар дайындалды. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған 7 сынып оқушылары.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны